Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылардың Hard skills және Soft skills дағдыларын қалыптастыру мәселелері

Автор:   •  Май 10, 2025  •  Реферат  •  2,503 Слов (11 Страниц)  •  231 Просмотры

Страница 1 из 11

Тақырып: Оқушылардың Hard skills және Soft skills дағдыларын қалыптастыру мәселелері

Курс_2,мамандығы_6B01501

Математика(IP),Факультет_МФжИ

Орындағандар:_Советбек І.Д,,Сариева А.К.,Айшығар Н.Э.

Ғылыми жетекші:_Жумашева С.С.,п.ғ.к.,доцент

Кіріспе.  Жоба өзектілігі:Қазіргі мектептегі өзекті проблемаларға оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының жоқтығын,оқушылардың алған білімдерін шынайы жағдайларда қолдануға қиналуын,оқушыларда мотивацияның жоқтығын,соның негізінде оқушыларда сабақ үстінде зерігушілік, шаршаңқылық байқалуын ,оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің жоқтығын жатқызсақ болады.Қазіргі таңда оқушылардың бойындағы Hard skills және Soft skills дағдыларын қалыптастырудың әдістерін өзекті мәселеге айналуда.

            Зерттеу объектісі:Мектеп оқушыларының дағдыларын қалыптастыру процесі.

Зерттеу пәні:Оқушылардың Hard skills және Soft skills дағдыларын дамыту әдістері.

Жоба мақсаты:Оқушылардың Hard skills және Soft skills дағдыларын тиімді қалыптастырудың жолдарын анықтау және әдістемелік ұсыныстар беру.

Жоба міндеттері:

1.Hard skills және Soft skills дағдыларының теориялық негіздерін анықтау және модельдеу

2. Hard skills және Soft skills дамытудағы заманауи тиімді әдістерді талдау

3. Кейс әдісі арқылы оқушылардың бұл дағдыларын эмпирикалық зерттеу арқылы анықтау.

            4.Білім беру процесінде осы дағдыларды дамытуға бағытталған тәсілдерді зерттеу, ұсыныстарды әзірлеу.

Зерттеу әдістері: Талдау,жіктеу,модельдеу;бақылау, сауалнама,сұхбат алу,тестілеу,оқушылардың шығармашылық, жазба жүмыстарын талдау, статистикалық талдау

Зерттеу болжамы: Егер Hard skills және Soft skills дағдыларын кешенді дамытуға бағытталған әдістер қолданылса,онда оқушылардың бәсекеге қабілеттілігі артады,өйткені олар заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие болады.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы:Hard skills және Soft skills дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне теориялық негіз беру.Білім беру жүйесінде бұл дағдылардың жаңа тәсілдерін ұсыну.Қазіргі заман білім беру тенденцияларына сәйкес дағдыларды қалыптастырудың ғылыми негізделген әдістерін талдау.

Зерттеудің практикалық маңызы:Мұғалімдерге Hard skills және Soft skills дамыту әдістемесін жетілдіруге арналған ұсыныстар беру.Оқушылардың дамуына ықпал ететін оқыту әдістерін енгізу.

Зерттеудің жаңашылдығы:Оқушылардың Hard skills және Soft skills дағдыларын дамытудың интеграцияланған моделі ұсынылады.Мектептерде бұл дағдыларды кешенді түрде қалыптастырудың жаңа әдістемелері қарастырылады.Қазіргі заманда Hard skills және Soft skills-тің өзара байланысын зерттеуге арналған эмпирикалық талдаулар жүргізіледі.Оқушылардың жеке және кәсіби дамуына бағытталған дағдыларды оқытудағя инновациялық технологиялардың рөлі айқындалады.

Негізгі бөлім. Оқушылардың Hard skills және Soft skills дағдыларын қалыптастыру мәселелерін көптеген ғалымдар зерттеген.Атап айтқанда , зерттеуші П.Безручко «Тұрақты басқару практикасы: орындауды басқару,команданы басқару» кітабында басқару саласындағы тұрақты практикаларды ,соның ішінде Soft skills-тің ұйымдық басқарудағы рөлін талдаған болатын..Сондағы оның берген анықтамасы Soft skills - адамның табысты болуына әсер ететін әлеуметтік және тұлғалық қасиеттер.Қазіргі уақытта мектептердегі өзекті мәселелерді шешудегі Soft skills дағдылсының рөлі оқушылардың сыни ойлау,көшбасшылық,тыңдау,уақытты тиімді басқару,шешім қабылдау қабілеттерін , шығармашылық ойлау,командалық жұмыс және ынтымақтастық коммуникация дағдылары (ауызша және жазбаша) қалыптастырады және Soft skills-ті оқытудың басты мақсаты – оқушылардың жеке және кәсіби дамуына ,басқаруға қажетті дағдыларды қалыптастыру.[1]    Сонымен бірге,Ивонина А.И., Чуланова О.Л., Давлетшина Ю.М.-ның «Қызметкерлердің кәсіби және мансаптық дамуындағы Soft skills және Hard skills рөлі» зерттеу еңбегінде Soft skills пен Hard skills-тің ұйым ішіндегі кәсіби даму және мансаптық өсудегі маңызы қарастырылады.[2] Одан бөлек,   зерттеушілер Отарбаева Л.Л.,  Әділханова М.Т.-ның «Педагогикалық қызметтегі Soft skills» әдістемелік құралында педагогтар үшін Soft skills-ті оқытудағы дамыту әдістері мен тәсілдеріне сипаттама берілген.

...

Скачать:   txt (39.8 Kb)   pdf (621.2 Kb)   docx (460.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club