Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушыларды шығармашылық және зияткерлік байқауларға дайындау жүйесі

Автор:   •  Август 23, 2021  •  Доклад  •  632 Слов (3 Страниц)  •  504 Просмотры

Страница 1 из 3

Оқушыларды шығармашылық және зияткерлік байқауларға дайындау жүйесі

                                        «Барлығын зерттеңіз, ең бірінші орында ақыл тұрсын, оған өзіңді басқаруға мүмкіндік бер»

Пифагор

Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни, дарынды бала –  асқан таланттың иесі. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Кез келген қоғамға дарынды адамдар қажет және сол қоғамның міндеті дарындылықтың барлық өкілдерінің қабілетін қарастыру және дамыту болып табылады. Көп нәрсе отбасына да, мектепке де байланысты. Отбасының міндеті - баланың қабілетін уақытында көру болса, мектептің міндеті – баланы қолдау және оның қабілетін дамыту, осы қабілеттерді іске асыру үшін негіз дайындау болып табылады. Мектепте дербес, шығармашылық тұлғаны дамытудың негізі қалануы тиіс. Адамның өз бойындағы дарындылығын ашуға деген ынтасы негізінен осы мектеп қабырғасында туындайды.

Мен осы дарынды балалар мәселесімен мектепте бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келемін. Негізгі мақсатым - дарынды балаларды анықтау, қолдау, оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшін жағдай жасау деп санаймын.

Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды:

- ғылыми-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен танысу;

- дарынды және қабілетті балаларды мақсатты анықтау жүйесін құру;

- дарынды балалардың қабілеттерін жан-жақты дамыту.

Дарынды және қабілетті балаларды анықтау, оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Дарынды балаларды анықтау жұмыстарын мектепте мектеп психологтары атқарып келуде. Әрбір оқу жылының басында психологиялық сауалнамалар арқылы оқушылардың дарындылығы анықталады. Дарынды балалар тізімі жасқталғаннан кейін бойындағы қабілетіне қарай дарынды балаларды топтарға бөлеміз. Білім, өнер, спорт, ғылыми-шығармашылық және тағы басқа. Ары қарай оқу жылы барысында өткізілетін байқауларға мұғалімдердің жетекшілігімен дайындық жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытындағы әртүрлі жұмыстар жасалады. Оқу жылы барысында оқушылар мен ұстаздарға дәстүрлі түрде өтетін байқаулардың тізімі мен ережелері алдын ала таныстырылып, таңдау жасап дайындық жұмыстары жүргізіледі. Оқу жылы барысында жетістікке жеткен оқушылар мен олардың ата-аналары, ұстаздары мектеп директоры мен демеушілер тарапынан мақтау қарағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар беріледі. Келесі жылы жоспарлы өтетін байқауларға қатысатын оқушылардың тізімі жасалып жазғы демалыс кезінде зерттеу жұмыстарын бастап, жаңа оқу жылында өтетін байқауларға жақсы дайындықпен келетін болады.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (91.7 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club