Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылардың қимыл белсенділігі және гиподинамияның зияны

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Эссе  •  536 Слов (3 Страниц)  •  3,326 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

"Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті"

 

ЭССЕ

 

 

 

Тақырыбы: Оқушылардың қимыл белсенділігі және      гиподинамияның зияны”

 

 

Қабылдаған: Пирназарова Г.

Орындыған: Сайпбек Анар

Тобы: ТП-20-3К

 

  

Шымкент 2021 ж

Гиподинамия (грек тілінен hypo – төменгі және dynamis – күш) – үнемі отырғаннан және қимыл белсенділігінің шектелуінен болған, бұлшықет қызметінің әлсіреуі. Гиподинамияны тағы ғасыр дерті және прогрестің екінші жағы деп те атайды.

Мектеп оқушысының жеке адам ретінде үйлесімді дамуына қажетті жағдай жеткілікті қимыл белсенділігі болып табылады. Соңғы жылдары мектеп пен үйдегі жоғары оқу жүктемесі және басқа да себептерге байланысты, мектеп оқушысының ағзасында салмақты бірқатар өзгерістерді туғызатын, гипокинезияның пайда болуымен көптеген оқушылардың күн режімінде тапшылық, жеткіліксіз қимыл белсенділігі байқалады.

Мектеп оқушыларына өзінің табиғи қимыл белсенділігін шектеп қана

қоймай, сонымен бірге партада немесе оқушы үстелінде отырғанда, ол үшін ыңғайсыз дене қалпын ұзақ уақыт ұстап отыруға тура келеді. Гигиенистердің зерттеулері көрсеткендей, күндізгі уақытта оқушылардың көпшілігі яғни, 82 – 85% отырған қалыпта болады. Тіпті кіші сыныптың оқушыларында да еркін қимыл әрекеті (ходьба, игры) тәлік уақытының бар болғаны 16 – 19% пайызын алады. Мектепке барған сәттен бастап балалардың жалпы қимыл белсенділігі 50%-ға дейін төмендейді.

Физикалық жүктеме орталық жүйке жүйесінің барлық қызметтерінің, оның ішінде жүйке процестерінің теңдесуіне, дамуы мен қалыптасуына игілікті ықпал етеді.

Үнемі болатын физикалық жүктемелер қаңқа мускулатурасының артуына, буындар, байламдардың нығаюына және сүйектердің өсіп, дамуына ықпал етеді.

Күшті адамда ой мен физикалық жұмысқа қабілеттілік және әртүрлі ауруларға қарсы тұрғыштығы артады, ағза сыртқы орта жағдайына анағұрлым бейімделе түседі.

Кез келген жұмыс бұлшықетті және эндокриндік жүйені жаттықтырады, бұл ағзаның неғұрлым үйлесімді және толыққанды дамуына ықпал етеді.

Жақсы физикалық қалыпты құрайтындар:

жүрек – тыныс алуға төзімділік,

бұлшықет күштілігі және төзімділік,

жылдамдықтың сапалығы, иілгіштік.

Алдымен, гиподинамия адам ағзасының морфофункциялық жағдайын әртүрлі бұзылуларға әкеліп соғады. Бұл бұзылулар сүйектердің және бұлшықеттің семуі түрінде білінеді, ақуыз синтезінің және электролиттер алмасуының азаюы, зат алмасудың бұзылуы, сүйектердегі кальций мөлшерінің азаюымен көрінеді.

Партада немесе жұмыс үстелінде аз қимылдау жағдайы оқушы ағзасының көптеген жүйесінің, әсіресе жүрек – тамыр және тыныс алу қызметтеріне әсер етеді. Көп уақыт отырған кезде тыныс алу тереңдемей, зат алмасу төмендейді, аяқтардағы қанда тоқтап қалады, бұл барлық ағзаның және әсіресе мидың жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге әкеледі: зейіні төмендейді, жадысы әлсізденеді, қимыл координациясы бұзылады, ойлау  операциясының уақыты ұлғаяды.

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (112 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club