Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе. Онтогенез заңдылықтары

Автор:   •  Октябрь 10, 2021  •  Реферат  •  589 Слов (3 Страниц)  •  4,661 Просмотры

Страница 1 из 3

Талғат Махаббат, КО-12. Аралық бақылау.

Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы

пәніне кіріспе. Онтогенез заңдылықтары.

1-тапсырма:

         «Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» - ағзаның дамуының түрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекеті үдерістерінің ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

         Бұл пән оқушылар ағзасының анатомиясы, физиологиясы, жас ерекшеліктері, оқу үрдісі кезінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту заңдылықтары, сабақ жүргізуге қойылатын гигиеналық талаптармен таныстырады.

         «Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» - адам физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылымы ағзаның тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының қызметін зерттейтін және реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Физиология ғылымы ағзаның жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады. Оқушылардың даму физиологиясы пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады. Оқушылардың даму физиологиясы балалар мен жасөспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Бұл пәннің негіздері жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, генетика және т.б. биологиялық , табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Оқушылардың даму физиологиясы – жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақылойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала ағзасына тиімді түрлерін анықтайды. Бұл пән мұғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге жол ашады, медициналық және санитарлық салауаттық мәселелерін қамтиды. Аталмыш пән мынандай мәселелерді шешеді:

1. Мұғалім мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін көрсетеді.

2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастырады.

3. Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстырады.

4. Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй әрекеттердің физиологиялық негіздерін түсіндіреді.

5. Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам ағзасының жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді.

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (51.1 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club