Мектеп мұғалім-логопедінің қызметі
Автор: Nazira.b • Март 22, 2018 • Доклад • 1,118 Слов (5 Страниц) • 2,403 Просмотры
Баяндама
«Мектеп мұғалім-логопедінің қызметі»
Мұғалім-логопед: Байдилда Назира
Байқоңыр қаласы
2017-2018 оқу жылы
Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, сезімін білдіру үшін тілді қолдану үрдісі. Сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреуінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерінде сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады. Мектеп жасындағы балалардың осы кемістігін жою мектеп логопедіне жүктеледі.
Мектеп логопеді жұмысының негізгі мақсаты: оқушылардың сөйлеу және жазбаша тіліндегі бұзушылықтарын анықтау. Осы анықтамаға сәйкес түзету жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар логопед баланың қажеттілігіне қарай келесідей мақсаттарды қояды:
• Дыбыстарды қою;
• Ұсақ моториканы дамыту;
• Оқу және жазу дағдыларын дамыту;
• Белсенді және енжар сөздік қорын дамыту;
• Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Мұғалім-логопедтің міндеттері:
1) жазба және ауыз екі тілдің кемшіліктерін жою үшін балалармен жұмыс жүргізу, біріншілік кемістікпен түсіндірілетін үлгермеушіліктің алдын алу және жоюға әсер ету;
2) оқудағы үлгермеушіліктерін алдын алу және жою үшін ұсыныстар беру сұрақтары бойынша педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру;
3) логопедиялық пунктке қабылданған балалармен жұмыс жүргізетін педагогтармен жүйелі байланысты іске асыру;
4) педагогикалық кеңестер мен ата-аналар жиналысында логопедиялық жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі туралы, сөйлеу тілінің кемістігі бар оқушылардың үлгермеушілігін алдын-алу және жою бойынша логопедиялық коррекцияның спецификасы туралы баяндаманы жария ету;
5) аудан мен қала мұғалім-логопедтерінің әдістемелік бірігу жұмыстарына қатысу;
6) логопедиялық көмек көрсету бойынша жылдық есептеме құрастыру;
7) өзінің кәсіби квалификациясын көтеріп, педагогикалық қызметкерлерге орнатылған тәртіп бойынша аттестациялану.
Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы: кейбір дыбыстардың үндестік нақышымен дұрыс айтылмауы адамның өзіне оғаш сезіліп, ол ыңғайсызданады, содан өз сөзіне немқұрайлы, салғырт қараған соң, сөзінің сұлулығы жойылады да, кісімен мәнерлеп сөйлесуіне кедергісін тигізеді. Күрделі тіл мүкістіктері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады.
2017-2018 жаңа оқу жылының басында логопедиялық көмекті қажет ететін балаларды анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушылары тексеруден өткізілді. Қыркүйек айында бастауыш сынып оқушыларының дыбысты айтуы, фонетикалық-фонематикалық қабылдауы мен талдауы, сөйлемді грамматикалық тұрғыдан сауатты құра білуі тексерілді. Нәтижесінде логопедиялық көмекті қажет ететін оқушылар анықталды.
1 «А» сыныбынан 6 оқушы: Алданишов Динмухаммед, Аскарова Аяжан, Бержанов Абылай, Еркинова Альбина, Шанжархан Бекзат, Шаменбек Инабат.
1 «Ә» сыныбынан 5 оқушы: Мырза Айзере, Есенаманова Камила, Сақтаған Даниал, Исмаилов Жанай, Сейтагзимов Бексултан.
1
...