« Кітап – үнсіз мұғалім » жобасы аясында мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту
Автор: aseloteeva • Декабрь 20, 2021 • Реферат • 898 Слов (4 Страниц) • 546 Просмотры
Тақырыбы:
« Кітап – үнсіз мұғалім » жобасы аясында мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту.
Өткізген: Отеева А.К.
« Кітап – үнсіз мұғалім »жобасы аясында мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту.
Мақсаты: Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын әдіс-тәсілдер арқылы дамыту.
Міндеті: Әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру. Оқуға, оқулыққа деген қызығушылығын ояту.
Білімнің қайнар көзі – кітап. Ең жақсы, ең дұрыс және ең оңай білім кітап оқу арқылы үйреніледі. «Кітап – үнсіз мұғалім» деген сөз осыдан шыққан болар... Мен, Отеева Асел Каханқызы Телтай Сәрсенбеков орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарамын. Биыл 2021-2022 оқу жылында 2 «Ә» сыныбының жетекшісімін. Әр сабағымды 19 оқушыма қызықты әрі түсінікті етіп өткізгім келеді. Сол себепті, оқушыларыма әр тақырыптың мақсатын ашу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Өз тәжірибемнен бөлісетін болсам, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәтінмен жұмыста көрінеді. Мысалы, қазақ тілі сабағында « Менің мектебім » ортақ бөліміндегі «Мәтін», «Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не? » тақырыптарында сабақ барысында «Үштік» әдісін (Ойлан, жұптас, бөліс) пайдаландым. Әдістің мақсаты: Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу. Оқушыларға тиімділігі оқушылардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Бұл әдісті қолдану үшін сынып бойынша берілген мәтінді оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. Сөйлем түрлерін өткізгенде (Хабарлы сөйлем, Сұраулы сөйлем, Лепті сөйлем) «Семантикалық карта»әдісін пайдаландым. Бұл әдістің мақсаты: мәтіннің тірек терминдері арқылы оқушылардың ассоциацияларын анықтауға бағытталған. Графикалық кестесі арқылы оқушыларға ойын жинақтауға және сөйлемдерді ажыратуға өте тиімді. Әдебиеттік оқу пәнінде көбінесе мәтінмен жұмыс болғандықтан «Жигсо» әдісін, «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісін, «Терминдер арқылы болжау» әдісін, «Әдеби үйірмелер..»әдісін т.б. пайдаланамын. Мысалы, «Кімнің мекені жақсы?» тақырыбында «Жигсо» әдісін пайдаландым. Бұл әдістің мақсаты оқушылар топқа бөлініп, мәтінді бөліп оқу арқылы және топ басшылар әр топқа түсіндіру арқылы ұзақ мәтінді уақыт тиімділігімен оқып шығуға болады. «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісін Мұқан Иманжановтың «Кітап» тақырыбын өткізгенде қолдандым. Оқушылар ойын жүйелеп ұшқырлау үшін эссе тақырыбын «Кітап - біздің досымыз» деп алдым. Бұл әдіс өте тиімді. Мақсаты: оқушылардың ойын жүйелеу, өз ойын сауатты жазуға дағдыландыру. Ал, «Әдеби үйірмелер..» әдісі өте қызықты. Бұл әдісті «Қонжық пен тышқан» ертегісін өткізгенде қолдандым. Әдістің мақсаты, оқушылар топтық жұмыспен жұмыс жасай отырып, бірін –бірі тыңдауға, әр оқушы өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, ұйымшылдыққа үйренеді. Әдістің қолдануы бойынша, бір топта 6 оқушыдан бөлінеді. Әр оқушының өз жауапкершілігі болады. (Баяндап беруші, зерттеуші, сұрақтар құрастырушы, сілтемелер табушы, бейнелеуші-суретші, дәнекер). Бастауыш сыныпта оқушыларға кітап оқу және оқыған мәтінін суреттер немесе кесте арқылы талдау өте қызықты. Соның ішінде жаратылыстану және дүниетану сабақтарында көптеген әдіс-тәсілдер арқылы оқу сауаттылығын дамытуға болады. Мен көбінесе бұл екі пәнде де «Галереяны шарлау»әдісін, «Автор орындығы» әдісін, «Венн диаграммасы» әдісін, «Кластер» әдісін, «INSERT» әдісін, SWOT – талдау әдісін, «Өрмекші» әдісін пайдаланамын. Мысалы, жаратылыстану пәнінен алатын болсақ, «Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады? » деген тақырыпта «Галереяны шарлау» әдісін пайдаландым. Мақсатым, оқушыларға өсімдік бөліктерінің қызметін түсіндіру болатын. Өсімдіктің бөліктерінің суретін салдырып, суреттерді тақтаға ілу арқылы әр оқушы салған суреті бойынша талдау жасады және барлық оқушы галереямызды аралау арқылы бағалады. «Класстер» әдісін «Алуан түрлі жануарлар» тақырыбында қолдандым. Оқушыларымды төрт топқа бөліп, тақырыптарын беру арқылы оқушылар постермен жұмыс жасады және ортада қорғады. Бұл әдістің мақсаты оқушылар топта бірге жұмыс жасай отырып, сөз саптауларын түзеу. «SWOT – талдау» әдісінің мақсаты оқушы мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама береді, мүмкіндіктерін бағалап, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіреді. «Жануарлардың бейімделуі» тақырыбында бұл әдіс маған өте тиімді болды. Дүниетану сабағында «Автор орындығы» әдісі сұрақ қою немесе сұраққа жауап беру арқылы берілген мәтінді талдауға мүмкіндік береді. «INSERT» әдісі тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Бұл әдісті «Менің құқығым және міндеттерім» тақырыбында жұмыс жасадым. «Өрмекші әдісі» постермен байланысты болғандықтан, «Мектеп ережелері» тақырыбында өткіздім. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Әдістерді пайдалана отырып, біз оқушыларымыздың ынтасын арттыра ғана қоймай, кітап оқуға деген құштарлығын оятамыз. Себебі « Кітап – үнсіз мұғалім»!
...