Эпиграф: Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады
Автор: Toksambaevaaigan • Февраль 28, 2018 • Статья • 657 Слов (3 Страниц) • 2,111 Просмотры
Қазіргі мұғалімнің бейнесі.
Тоқсамбаева Алия Айтқазиевна
№18 ЖББОМ КММ
орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
Тоқсамбаева Айжан Айтқызыновна
№32 ЖББОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Эпиграф: Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады.
Ахмет Байтұрсынұлы
Бүгінгі таңда өзекті мәселелерінің бірі- қазіргі мұғалімнің бейнесі. Бүгінгі мұғалім қандай болуы керек? Өз тарихымызды, мәдениетімізді терең зерттесек, барлық сұрақтаға жауап таба аламыз. Ахмет Байтұрсынов туралы сөз бастасақ, ол- халқымыздың көсемі әрі ұлы ұстазымыз.
Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жан – жақты зерттеп, оқушылардың жинаған білім қорларын, дағдыларын қолданып үйренулеріне қол жеткізу, ұрпағымыздың еліне, жеріне, тарихына деген патриоттық сезімдерін ояту.
Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі– жаңа формация мұғалімі. Ең бастысы мұғалім өз ұстанымдарына берік болуы керек, өз көзқарасын, пікірін қорғай алатын, білім үдерісіндегі мәселелерді шеше алатын, мықты мұғалім керек.
Бала оқыту үшін жақсы мұғалім қажет. « Жақсы мұғалім әр уақытта қат, қымбат, өйткені ол- мектептің жүрегі»,- деп ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі- жақсы мұғалім. Жақсы мұғалім- бұл Ахмет Байтұрсынов айтқандай оқыта білетін мұғалім. Жақсы педагог-оқытушы қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып, есептелмек. « Мектептің тірегі де, тілеуі де- оқыта білетін мұғалім»,- деген Ахмет Байтұрсынұлы. Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Қазіргі заман тек мұғалімдерге ғана емес оқушыларға да жоғары талап етеді. Сондықтан бүгінгі оқушылар мұғалімге жоғары талап қояды. Өйткені қазіргі мұғалім жаңа формация оқушыны қалыптастыра алатын тұлға болуы керек. Ахмет Байтұрсынов ұстаз болу үшін қандай зерттеулер жасады, қандай ізденісте болғанын терең зерттесек, білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелердің шешу жолдары табылар еді.
...