Мұстафа Шоқай және оның қоғамдық-саяси қызметі
Автор: Орынбасар Мухитов • Апрель 8, 2018 • Дипломная работа • 33,958 Слов (136 Страниц) • 1,659 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық интитуты
Қазақстан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
« »__________2012 ж.
Кафедра
меңгерушісі т.ғ.д., профессор Абдуллаев Н.А.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мұстафа Шоқай және оның қоғамдық-саяси қызметі
050114 Тарих
мамандығы бойынша
Орындаған: Камрадинов Е.К.
Ғылыми жетекші
аға оқытушы Кадыркулова А.Н.
Ақтөбе, 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................... | 3 |
Тарау - 1 МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ТУЫП ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ- САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕНІ
1.1 Түркістанның ұлы перзенттерінің бірі- Мұстафа Шоқай ....................7 | |
1.2 Мұстафа Шоқай және тұтас Түркістан идеясы ...................................11 | |
1.3 Мұстафа Шоқай ХХғ.басындағы Қазақстан мен Түркістанның қоғамдық - саяси өмірі ...............................................................................15 | |
Тарау – 2 МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТЕГІ РӨЛІ 2.1 Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы және Мұстафа Шоқай ........................20 2.2 Алаш зиялыларының көрнекті өкілі – М.Шоқайдың большевизмге қарсы күресі..........................................................................................29 |
2.3 Мұстафа Шоқай эмиграцияда ..................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ..............................................64
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе біржақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан елімізде төл тарихымыздың олқылау жазылған тұстарын толықтыра түсуге барынша жағдай жасалып жатқаны белгілі. Осынау сәтте, яғни халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан мезгілде, қазақ халқының тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауды да қолға алғанымыз абзал. Мұндай ғұмырнамалық зерттеулер жекелеген қайраткерлердің өмір жолын танып білумен бірге, олар өмір сүрген дәуірдің қыр- сырын түсінуге де өз септігін тигізеді.
Өткен тарихымызды еркін қорытып, одан объективті теориялық тұжырымдар жасауға жол ашылып отыр. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жарлығымен өткен 1997 жылды саяси қуғын- сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы деп мәлімдеген болса, ал 1998 жылды Халық бірігі және ұлттық тарих жылы деп жариялады. Бұл аса маңызды мемлекеттік шараның негізгі мақсаты да халық санасында өткен тарих туралы әділ түсінік қалыптастырып, сол арқылы оған бүгінгі алдында тұрған басты міндеттерін айқындауға көмектесу.
Жүріп өткен жолымыздың ешқандай да бұрмалаусыз, тура қорытудың бірден-бір жолы- өз уақытында халқымыздың болашағы үшін бар ғұмырын күресте өткізген зиялыларымыздың артында қалдырған рухани мұрасын қалың оқырманның, әсіресе, жас ұрпақтың қолына жеткізу болса керек. Халқымыз үшін сондай ардақты есімдердің бірі- Мұстафа Шоқайұлы. Оның бірлі- жарым еңбектерімен оқушы қауым тек соңғы жылдары ғана таныса бастады. Дегенмен, бұл белгілі қайраткердің зор шығармашылық таланты мен ұстанған позициясының «Яш Түркістан» (1929-1939) журналы арқылы жарқырап, толық көрінгенін әркімнің біле бермеуі де мүмкін.
...