Жоспарлау қызметі
Автор: Zamira.987k • Январь 14, 2018 • Реферат • 1,888 Слов (8 Страниц) • 2,002 Просмотры
«Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі»
Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімі
Реферат
Тақырыбы: Жоспарлау қызметі
Орындаған: ТПНГ -941 топ оқушысы Құрымбаева М.Е.
Тексерген: оқытушы Такесова А.К.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жоспарлау туралы негізгі түсінік
2 Жоспарлау қызметінің міндеттері
3 Жоспарлаудың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Барлық басқару қызметінің ішінде жоспарлау ең елеулі болып саналады, өйткені мұның өзі кез келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі қызметтердің бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт қызметі түрінде (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай – ақ жоспарға сәйкес көздеген мақсатқа жету үшін бақылайды. Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңнен тұрады: жалпы мақсатты ойластыру; белгіленген біршама уақыт кезеңі (2,5,10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау; оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау; Ірі бағдарламаны шешкен кезде кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды болады. Сондықтан да жоспарлардың сенімділігі бұрынғы нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді.
Мұндай сенімділікті қамтамасыз ету дәл бухгалтерлік есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін емес екендігі айқын. Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономиканың дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда нарық көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау соғұрлым оңай келеді. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады. Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін қажетті ақпараттар толық болмайтындықтан, кейбір деректер жетіспейтіндіктен, жоспарлау сапасы көбінесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.
- Жоспарлау қызметі туралы негізгі түсінік
Жоспарлау басқару қызметінің ең маңызды бір бөлігі болып табылады. Жоспарлау -шешімді дайындау үдерісінің функциясы. Ол мекеменің дұрыс қызмет етуі мен дамуына қолайлы жағдай тудыратын барлық ішкі және сыртқы факторларды мүмкіндігінше алдын ала есепке алуға арналады. Жоспарлау мына кезеңдерден тұрады:
- мақсат қою;
- алғышарттарды анықтау;
- альтернативаларды анықтау;
- ең тиімді альтернативаны таңдау,
- жоспарды енгізу мен орындау.
Кез келген ұйым басшы мен қызметкерлердің қызметін реттеуге бағытталады. Ол, ең алдымен, басшының өз мүмкіндіктерін бағалауы, қол астындағыларды зерттеуі, әрбір қызметкердің мүмкіндіктерін анықтау, күштерін реттеу. Ұйым алдында: жоспарды кім және қалай іске асырады? деген сұрақ тұрады.
Жоспарлау құрамы:
- мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;
- стратегия, бағдарлама, жоспар жасау;
- қажет қорларды анықтау және оларды мақсаттар мен міндеттер бойынша бөлу.
Жоспарлаудың бір бөлігі ұйымдастыру. Ұйымдастыру функциясының негізгі құралдары (бұйрықтар, қағидалар, ережелер, нұсқаулар, ескертпелер, кеңестер, пікірлесу ж.т.б.) иновация, бақылау, үйлестіру, коммуникация, коммуникация әдістері, жиындар, жиналыстар, ақпараттық бюллетендер, кері байланыс жүйесі, ақпараттық технология, бейресми кездесу.
Басқару қызметінің аясында іс-әрекет жағдайын талдау, жоспарлау, іс- әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау және реттеу т.б. іс-әрекеттер жүзеге асады. Тиімді, нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының үйлесімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету қажет. Олардың біреуінің орындалмауы тұтастай ұжым іс-әрекетінің нәтижелеріне ықпал етеді. Сонымен жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау. Ал, тиімді жоспарлау дегеніміз жұмыстың жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру. Сонымен қатар алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау және алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау,оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын дұрыс таңдау.
...