Мамандығым – үмітім
Автор: ariyana2003 • Ноябрь 22, 2021 • Эссе • 486 Слов (2 Страниц) • 234 Просмотры
Мамандығым – үмітім
Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз Әл-Фараби
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек емес дейді емес пе: бірі –жар таңдау болса, бірі мамандық таңдауда. Сондықтан бұл екі таңдауды жасауда, жұрттың қалауына емес, жүрек қалауына құлақ түрген жөн.Қуанышы да, ауыртпалығы да қатар жүретін үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында үлкен есік тұрады. Сол есікке сай келетін кілтті таба білу керек. Ал таппаса, сол өмірде адасып қалары хақ. Ал дәл сол есікке дәл сол кілтті тапса – өмірде жолы болғаны.
«Кәсіп таңдау – тек болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің жана-дүниеңе үңілу…» демекші қандай маман иесі болсаңда, сол істің маманы болу бір артық бақыт тату іспеттес емес пе?! Дүниеде қаншама мамандық бар және оның саны жыл сайын азайып емес, көбейіп келеді. Олардың ішінен өзімімізге қажеттісін қалай таңдап алуға болады? Адам өзін қай салада көрсететін болса, сол саланың ішінен өзіне ұнайтын кәсіпті таңдауы тиіс. Сол кәсіптің мазмұнына көңіл аударып, қыр-сыррын білу керек. Өзің қалаған мамандықты таңдау арқылы өз өміріміздің кірпішін қалаймыз. Дүниедегі ең маңызды шешім жүрек қалауыңнан шығуы керек. Бүгінгі таңда, өзі алған мамандықты қаламайтын, ұнатпайтын, жаратпайтын адамдар да баршылық. Ол жұмыты баз біреу үшін істеп жүргендей бұлданатындар да жетерлік. Көбіне бұл таңдауда жас жеткіншек ата-анасының ақынына жүгінеді. Әрине, ата-ана баласына жамандық тілемейді, алайда бұл тақырып туралы сөз болғанда бала дербес таңдау жасай алуы керек.Ата-ана тек бағыттаушы болып, оны соған қарай икемдесе керек. Мысалға, әке-шешесі баласына дәрігер боласын деп айтқасын, бала олардың көңілі үшін сол мамандықты алып шығады. Иә, мүмкін ол бала дәрігер болып шығар, алайда қызығушылығы мен ниеті болмағасын одан пайда не? Мүмкін, мамандығын өзгертіп, басқа салаға бет бұратын шығар. Тек бұдан уақыттан ұтылатынымызды ескерген жөн. Сондықтан, балаға анау боласын, мынау боласын деп қыстаудың қажеті жоқ. Кішкентайынан өзіне таңдау жасап үйрену керек. Менің юылай айтып отқаным, маған жақын туыстарым, ата-анам кішкентайымнан дәрігер боласын деп үміттенді. Әрине, балалықпен менде де көптің тілеуімен ақ халаты киюді армандағаным рас. Кейін уақыт өте келе бұл салада өзімді еркін сезіне алмайтынымды, бұл мен үшін емес екенін түсіндім. Ата-анама айттым, себебі мен өзім қаламайтын ортада, өзім қаламайтын адамдармен жұмыс істегім келмейді. Мен ойлағандай, ата-анам маған түсіністікпен қарап, өз таңдауымды жасауға мүмкіндік берді.
...