Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің мамандығым мұғалім

Автор:   •  Март 7, 2019  •  Эссе  •  588 Слов (3 Страниц)  •  2,333 Просмотры

Страница 1 из 3

Менің мамандығым – мұғалім

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты,

шым-шытырағы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.

Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер –

 ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Хаты өлмейтін ақынның, аты өлмейтін батырдың да анадан туылатынындай, зергерлік, әнші-биші, дәрігер, заңгер, журналист, экономисттерден бастап ел басқарған Елағаларына дейін түгелімен дерлік мұғалімнің алдынан өтетіні анық. Міне осындай жауапкершілігі ұшан-теңіз, жүректің батырлығын, сезімнің ақылдылығын, мінездің күн-шуағын, ең бастысы адамның асылдылығын талап ететін, қуанышы мен күйініші қатар жүретін бұл мамандықтың болашақ бір иесі – менмін.  Зейнетіне дейін бейнеті көп мамандықты таңдаудағы мақсатым қандай?  Ұлы ұстаз болу үшін қандай қасиеттер бойымнан табылуы қажет? Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсыға лайықты болу үшін қаншалықты ізденісте болуым керек? Міне осындай түйінді сұрақтардың күрмеуін төменде тарқатып көрелік.

Альберт Эйнштейн: «Өмір сүрудің екі – ақ жолы бар. Бірі –ғажайыпқа мүлде сенбеу. Екіншісі – өмірдегінің бәрін ғажап көру» деген.  Шырылдап дүние есігін ашқан сәттен бастап, өсіп- жетілуіміз, білім нәрін бойымызға сіңіріп, кейіннен оны іске асыруымыз немесе білгенімізді біреуге үйретуіміздің өзі - болғанынан боладысы қызық, өмір мектебінің ғажап көріністерінің бірі. Мұғалім мамандығын таңдауыма басты себеп: Бала кезімнен кітапқа құмартып өсуім. Абай Құнанбай, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда кім болам!? » деп елі үшін басын тауға да, тасқа да соғып, еңіреп өткен арыстардың - жұдырықтай жүрегімді елжіреткен өлең жолдары мен өмір жолынан алған әсерім болса керек. Не үшін “басын тауға да, тасқа да соққан” деп қатты жазылған деген сұрақ туындауы мүмкін. Осыдан біржарым ғасыр бұрын-ақ қазақ халқының өздігінен білім іздеуі мыңның бірінде ғана кездесетін еді. Ал үйретейін деп пейіл танытқандарды ата-жауындай көріп, үрке қашты. Одан қалды қуғын сүргінге ұшыратып кете барды. Жыл сайын 31 мамырда еске алынатын “Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу”  күні осының айқын дәлелі емеспа!?

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (87.8 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club