Мамандығым туралы ойласам
Автор: imanova1973 • Май 22, 2019 • Эссе • 532 Слов (3 Страниц) • 756 Просмотры
Мамандығым туралы ойласам...
Иманова Гүлсая Қартбайқызы.
Ақтөбе қаласы, №27 «Айгөлек» МДҰ тәрбиешісі
«Балаға бір ғана тамшы білім беру үшін
– ұстаздың білімі көл-көсір болуы тиіс.
В.А. Сухомлинский
Мектепке дейінгі ұйымның қызметінің негізгі бағыттарының бірі – педагог қызметкерлердің кәсіптілік біліктілігін арттыру болып табылады. Бұл бағыттың жетекшісі – әдіскер. Сонымен бірге жаңашылдық жұмыстар да мектепке дейінгі ұйым жұмысының ажырамас бөлігі болып келеді. Сондықтан аға тәрбиеші мектепке дейінгі білім жүйесіндегі барлық жаңалақтардан хабардар болуы тиіс.
Әрине, әрбір ата-ана өз баласын кәсіптік деңгейі жоғары маманның тәрбиелегенін қалайды. Міне, сондықтан мен осы мәселеге көбірек көңіл бөліп, іс-тәжірибесі озық педагогтардың кәсіптілік біліктілігі мен білім дәрежесін көтеруге тырысамын.
Әдіскердің жұмысының тағы бір қыры – бұл педагогтар тарапынан өткізілген, өткізетін жұмыстардың барлығын саралау, сараптау, бағалау, талдау. Бұл күндері Республикада «Балапан» бағдарламасының күш алуына орай мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты әдістемелік әдебиеттер көптеп шығарыла бастады. Міне, осы әр алуан әдебиеттер ішінен қажеттісін таңдап ала білу де әдіскердің кәсіптік дайындығын, өз ұжымында қызмет жасайтын педагогтардың шеберлігі мен кәсіптік деңгейін дұрыс бағалай білуін талап етеді. Басқалардан талап етпес бұрын әдіскердің өзі жаңашылдық тәртіпте жұмыс жасай алуы және ұжымды осы бағытта ұйымдастыра білуі қажет.
Педагогтар ұжымы әрқашан да әртүрлі болып келеді, бірі – алға тартады, екіншісі – үйреншікті ырғақтан ажырағысы келмейді, үшіншісі- айтқаныңды орындап, өз
...