Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мамандығым – мақтанышым

Автор:   •  Февраль 3, 2020  •  Эссе  •  910 Слов (4 Страниц)  •  980 Просмотры

Страница 1 из 4

                                                 Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,

                                                  Екінші Шежін ауылы, Жалпы білім беретін

                                                   Шежін орта мектеп-бөбекжай-бақша кешені

                                               Математика пәнінің мұғалімі Муханбетов

                                                   Маханбет Сәрсенбаұлы

«Мамандығым – мақтанышым»

(эссе)

                                                «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

                                                ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

                                                                                                  Н. Ә. Назарбаев

«Алты алаштың баласы бас қосса, ардақты орын – мұғалімдікі»,- деп ұлы педагог, жалынды ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, ел ішіндегі ең қадірлі, ең ардақты, ең құрметті мамандық – ұстаздық. Ұстаз - елді тәрбиелейтін, ұрпақты өсіретін, мемлекеттің іргесін мығым етеуге үлес қосатын жан. Сондықтан  бүгінгі мұғалімге жүктелер міндет те, артар сенім де көп. Иә, Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де, мәдениетті, рухани адамгершілігі дамыған жеке тұлғаны, Абай сөзімен айтқанда «ыстық қайратты, нұрлы ақылды, жылы жүрегі» бар азаматтарды тәриелеп шығару міндеті мектепке яғни мұғалімдер қауымына жүктеледі.

 Сәт сайын құбылып отыратын бүгінгідей тез дамып жатқан заманда әр ұстаз жүйелі біліммен қаруланған, ақпараттық технологияларды еркін меңгерген, жүрегі иманға толы, көкірегі ояу болу керектігін танытып отыр. Математика тілімен айтатын әр үлкен жетістік 1% талантпенен 99% еңбекпен келетінін әр дайым еске алып, өз мақсатымнан бас тартпаймын. Осы орайда өзімнің педагогикалық еңбек жолымда өз шәкірттерімді осындай жан етіп тәрбиелеуді мақсат етемін. «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы»,- деп Әл-Фараби айтқандай, ең алдымен толыққанды тәрбие беру – менің басты ұстанымым. Осы орайда, өзім жетекшілік ететін 5а сыныбының оқушыларымен тәрбиенің сан қыры бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келемін. Мен бұл сыныпқа 5- сыныптан бастап жетекшілік етемін. Бұл сынып оқушыларының арасында өнерге де, спортқа да, білімге де кеңде емес. Олардың әр жетістігі мен үшін асқақ абырой. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Осы жолда әр шәкіртімнің қабілетін ашу үшін достарындай сырласып, ағаларындай қамқоршы болып, жол сілтер ұзтаздары болып ақылшы болып жұмыстанып келемін.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (62 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club