Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің мамандығым педагог

Автор:   •  Апрель 24, 2018  •  Эссе  •  747 Слов (3 Страниц)  •  7,368 Просмотры

Страница 1 из 3

                         Менің мамандығым педагог

        Ұстаз - Ұлы тұлға! Ұстаздық ету ол бір ғажап дүние, өзі үлкен жауапкершілікті талап ететін, өзінің қиыншылығымен бірге, қызықты, қуанышты кездері бірге жүретін таптырмас мамандық. Әрине, оның сырын түсінген жанға қызық.

         Мамандық деген ол тек өмір сүру үшін ақша табу емес. Әрбір адам өз мамандығын жақсы көріп, рухани күш алып, өз еңбегінің нәтижесін көріп рахаттану. Ұстаз еңбегінің нәтижесі - шәкірті ұстазынан озғанда болмақ. Ұстазы шәкіртіне артқан үмітті ақтағанда болмақ. Міне, өз жұмысынан ләззат алу деген осы. Мамандық деген ол әр адамның өзі сүйіп жасайтын, бар ынта жігерімен істейтін, әрі қуана жасайтын ісі және ертеңгі болашығы. Егер адам ата-ананың қалауымен өзі сүймейтін мамандық таңдар болса, онда одан жақсы маман иесі шығады деп ойламаймын. Қай ата-ана өз баласына жамандық ойласын? Әрине ондай адам жоқ шығар, тек есінен адасып, алжып, психикалық ауруға ұшыраған  ата-ана болмаса. Кейде өз баласының жақсы мамандық иесі болғанан қалаған ата-ана өз баласымен санаспай, қателіктерге бой алдыртып та жатады. Мамандық таңдарда бала өз ата-анасымен санаса отырып, өз жүрек қалауын таңдаған дұрыс болар.

         Мектеп қабырғасында жүрген кезімде өзім не үйренсем басқаларғада, яғни қасымдағы сыныптастарыма бар білгенімді үйреткім келетін. Түсінбеген достарыма, жанымды салып түсіндіруге тырысатынмын, олардың да білгенін қалайтынмын және олар түсінген кезде, бір ғажап, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімде болатынмын. Ылғи ойымда «Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей» деген Мұхаммед пайғамбарымыздың сөздері тұратын, әлі күнге дейін оны өзіме ұран ретінде қолданамын. Бірақ педагог болу туралы терең ойланып көрмедім. Сол кезде сыныптастарым айтатын  «сен өскенде жақсы ұстаз боласың», «сенен жақсы педагог шығады» дейтін. Аллах Тағалам ауыздарына салғандай... Осы мамандықты таңдауыма бірден бір себепкер жан ол менің әкем. Жалпы әкемнің де мамандығы педагог. Ылғи маған ұстаздың қандай болу керек екенін түсіндіретін. Кішкентай кезімнен, ұстаздың бойында қандай қасиеттері болу керектігі, өзін қалай ұстау керектігі жайлы санама құйып өсірді. Осылайша мен, әкемнің жол көрсетуімен және өз жүрек қалауыммен осы педагог мамандағын таңдадым. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек дейді емеспе, солардың бірі мамандық таңдауда. Менің таңдауым дұрыс деп ойлаймын және таңдауыма өкінбеймін.

        Педагог мамандығын таңдауыма тағы бір себеп: болашақ өсіп келе жатқан жастарды адалдыққа, шынайылыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке, барлық нәрсеге түсіністікпен қарауға, ең бастасы «Әділетті болуға» үйреткім келеді. Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында, жұмыс орындарында және тағы басқа мемлекеттік орындарда пара алу және беру мәселесі кең етек жайып келеді. Осы мені қорқытатын дүние. Жемқорлықты түпкілікті жеңу қолымнан келмеседе, болашақ педагог ретінде оны тоқтатуға кішкене болсын өз үлесімді қосқым келеді. Болашақта өз шәкірттеріме тек білім беріп қана қоймай, тәрбие берер едім. Дәл осы тұста ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - табиғаттың қас жауы» деген даналық сөздері аузыма келді. Тәрбиелі адам деп қандай адамды айтамыз? Тәрбиелі адам деп бойында барлық жақсы қасиеттері бар адам деп  айтсақ та болады. Мен ойлаймын тәрбиелі және жүрегінде иманы бар адам ешқашан жаман істерге бармайды деп. Егер мен шәкіртеріме тек білім ғана берсем, болашақта олар білімді, бірақ әділетсіз, пара алатын, тәрбиесіз адам болып шығуыда мүмкін. Ал осы білім мен тәрбиені қатар ұстап, бірдей берер болсам, онда саналы, иманды, тәрбиелі әрі білімді шәкірттер тәрбилеп шығар едім.

...

Скачать:   txt (9 Kb)   pdf (76 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club