Менің педагогикалық мамандығым
Автор: 2005200520052005 • Октябрь 19, 2021 • Эссе • 1,153 Слов (5 Страниц) • 534 Просмотры
Менің педагогикалық мамандығым (ЭССЕ) — Тәрбие.kz
tarbie.kz›32871
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай ... Сондықтан болашақ ізбасарларымыз болатын мамандық иелерін жастар арасында жүйелі түрде насихаттап отырсақ, қанекей! Жоғарғы оқуға түсу барысындағы іріктеу... Читать ещё
Эссе на тему "Мұғалім – менің мамандығым" | Инфоурок
infourok.ru›esse-na-temu-mұғalіm-menің-mamandyғym…
Мұғалім – менің мамандығым. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. ... Мұғалім болу, білім алушылардың болашағына жауапты болу ғана емес, бүкіл бір елдің, ұлттың келешегіне жауапты болу. Ақ парақтай санасы таза балалардың сауатын ашып, өз болашағына керекті білімді өз қалауымен таңдай алатын және өзіндік пікірі, ұстанымы бар еліміздің болашағын қалыптастыратын ортаны тәрбиелейтін мамандық иесі – ол мұғалім.Осы ұстаздық мамандықты таңдағаныма мақтанамын, өмірімді бір сәт те шәкірттерімсіз елестете алмаймын. ... Қазіргі заманғы педагог- ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш. Сондықтан да ол шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа формацияның жаңашыл ұстазы болуы керек. Скрыть
Ұстаз – ұлы есім, парасатты да, балаларды жанындай жақсы көретін жандарға берілген ұғым. Мен үшін осы сөз ерекше құдіретті. Мұғалім болу, білім алушылардың болашағына жауапты болу ғана емес, бүкіл бір елдің, ұлттың келешегіне жауапты болу. Ақ парақтай санасы таза балалардың сауатын ашып, өз болашағына керекті білімді өз қалауымен таңдай алатын және өзіндік пікірі, ұстанымы бар еліміздің болашағын қалыптастыратын ортаны тәрбиелейтін мамандық иесі – ол мұғалім.Осы ұстаздық мамандықты таңдағаныма мақтанамын, өмірімді бір сәт те шәкірттерімсіз елестете алмаймын. Менің өмірімнің бір бөлшегі ол - алдымдағы оқушыларым.
Ұстаздықты таңдаған жол үлкен ізденімпаздықты, төзімділікті, жауапкершілікті, шығармашылықты талап ететін киелі жол. Себебі, білім алушылар үшін тез әрі қол жетімді интернет желісі жетілген заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан цифрлық дәуірде ұстаздардың мойнына артылатын жүк үлкен жауапкершілікті талап етеді. Елбасымыз ұстаздарға, яғни біздерге ұлт болашағын тапсыра отырып, мемлекеттің дамуына салмақты үлес қосады деп сенім артқаны белгілі. Осы сенімді іске асыру мақсатында жаңартылған оқу бағдарламасына көшу және барлық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстарын айтуға болады. Дамыған елдердің қатарынан көріну үшін, ең алдымен білім саласына жаңалықтар енгізе отырып, теориялық білімін практикада қолдана алатын ұрпақты тәрбиелеу негізгі мақсатқа айналды. Сол себептен жаңартылған білім беру мазмұнын іс- тәжірибемізге енгізудеміз. Біліктілікті арттыру курсында оқыған оқуымда көріп түйгенім: Мен бос жүргендерді емес, оқырмандарды көрдім, мұғалімдердің сенімділігін көрдім, мен бұл өзгерістердің бір бөлігі болдым. Бұл қандай сый.! Кәсіби дамуымыз бен күнделікті өмір сүру біздің тез қозғалатын әлеміміз үшін өте маңызды. Неге дейсіз ғой, себебі өткізетін сабағыңның құрастырушысы өзіңсің. Белгілі қатып қалған қағида жоқ. Коноржевский бойынша сабақтың құрылымын сақтау деген сияқты. Дегенмен дәстүрлі оқыту жүйесі негізінде де, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік қой. Дәстүрлі оқытудың бір кемшілігі, мұндай оқыту репродуктивті, яғни бір жақты оқыту болды. Қазіргі заман талабы өзгеріске ұшырауда, сол себептен заманыңа қарай бөркіңді ауыстыр деген мәтел бекер айтылмаған сияқты. Халқымыз не ексең, соны орасың деп тегін айтпағаны белгілі. Жоғарыда айтылғандай бәсекеге қабілетті ұрпақ болсын десек, аянбай шәкірттерімізді білімге қызықтыра отырырып, болашағын жоспарлауға көмектесіп, егемен еліме қажетті нағыз мамандардың иесі болуларына ат салысу менің де алдыма қойған
...