Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің мамандығым – менің болашағым

Автор:   •  Октябрь 26, 2020  •  Эссе  •  278 Слов (2 Страниц)  •  9,187 Просмотры

Страница 1 из 2

                «Менің мамандығым – менің болашағым»

Мамандық таңдау адам өміріндегі күрделі шешімдердің бірі болып табылады. Ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оған бейжай қарауға болмайды.

        Армансыз адам болмайды дегендей, біз кішкене бүлдіршін кезімізден- ақ армандап өсеміз. Біріміз, белгілі бір мамандық иесі болуды армандасақ, екіншіміз болмашы затты арман етеміз. Шынында да кішкене шағымыздан – ақ материалдық заттарды арман еттік. Мысалы: өзгелер сияқты болсам, қуыршақ, киім алсам не тәтті-дәмдіні жесем деп армандап өстік. Алайда, адам өскен сайын, ақыл есі кірген сайын қажетсіз, өміріне пайдасы жоқ армандардан арыла береді. Ең бастысы, өзіне көмегі тиер, өмірінің іргетасына айналар арманы мен мақсаты болашақта бағдар секілді жол көрсетіп тұрады.  Бұл сәтте де арманды да, мамандықты да дұрыс таңдай білген жөн.  Себебі, дұрыс мамандық – болашақ кепілі.

Менің ойымша, мамандықты әрбір адам өз денсаулығына қарап таңдағаны дұрыс. Себебі, болашақта денсаулығының жарамайтындығы өзге адамдарга зиянын тигізуі мүмкін. Содан кейін барып өмір ұстанымына, қабілетіне, құштарлығына сүйене таңдағаны дұрыс.

Дұрыс мамандық таңдай білу үшін не керек?

Таңдалған мамандық өз жүрегіне жақын, әрі адамның  мамандыққа деген қызығушылығының болуы керек. Алдыңда қанша қиындықтар болса да, тайсалмай бәріне төзе білген жөн. Сонда ғана жетістікке жете аласың. Мамандық таңдаудағы проблемалардың бірі – адамдардың ізденбеушілігі. Яғни, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтармен жұмыс жасамау. Көбіміздің арман-мақсаттарымыз кіші кезден қалыптасып қалған. Сол баяғы дәрігер, мұғалім не әнші я биші болу. Алайда, шындығында сол мамандықты жаны сүйіп, таңдағандар бар. Мен оларға ештеңе айта алмаймын. Сонда да, қазіргі уақытта сұранысқа ие, аса қарқынмен дамып келе жатқан мамандықтарға аса назар аударған жөн. Мысалға: интернет маркетолог, инженер, жоғарғы технолог және т.б.

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (45.1 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club