Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тіслдерім
Автор: Zhanar Amirbekova • Апрель 15, 2021 • Эссе • 825 Слов (4 Страниц) • 948 Просмотры
Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тіслдерім
Мамандық таңдау бұл әрбір адамды толғандыратын мәселе. Мен де мамандық таңдаңдарда көп ойландым. Ойлана келе мұғалім болуды шештім. Бойымда да дәл осы мамандыққа деген қарым-қабілеттің барын сездім.
Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Мен мамандығым бойынша орыс сыныптарына сабақ беремін. Әрине орыс сыныптарына сабақ беру біраз дүниені шектейді. Алайда солай екен деп салым суға кетпеді. Керісінше тырысып, қолымнан келгенше қызметімді жақсы атқарып келемін. Мұны оқушыларымның маған деген кері байланысынан аңғарамын.
Менің бұл мамандыққа ықыласпен келуіме бір мақсатым себеп болды. Ол мақсат «Ұлттық мектеп» негізін қалыптастыру болатын. Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген нақыл сөзі бар. Бұл нақыл сөзді ақылға салсақ мұғалімнің мектептегі ахуалды өзгертуге үлкен үлес қоса алады. Дұрысы өзгерген тұсты баяғы қалпына бағыттап, ретке келтіру. Біздің қазақы менталитетімізде барлығы да бар. Соны ескеріп, өзгенің қаңсығын мектептің бағдарламасына енгізуді доғару керек. Мен бұл мамандыққа келудегі түпкі дітім – ұлттық мектеп негізінде ұлттық сананы қайта қалпына келтіру. Мен мамандығымды осындай алып мақсатпен таңдағандықтан да ерекше құрметтеймін.
Жоғарыда қарастырған «Ұлттық мектеп» мынадай дүниелерді қайта қалпына келтіруге сүбелі үлес қосар еді:
- Ұлттық дәстүрлі мәдениетіміз бен әлем мәдениетін бойына қатар сіңірген кембағалдықтан ада ұрпақ тәрбиелеуге себепші болады.
- Қарым-қатынас мәдениетін қайта жандандыруға себепші болар еді. Бикеш – шәкірт қыздарымыз, бике – жас мұғалімдер, бибі – жасамыс апайлар, мырза – ер балалар және ұстаздар. Бұл сөздердің идеологияның әсерінен, бұрынғының бәрін құбыжық қылып көрсету салдарынан қолданыстан шығып қалғаны болмаса, «Әй, Пәленшеев, Төленшеев» дегеннен анағұрлым артық.
- Адамшылдық педагогикасы – баланың және мұғалімнің мүмкіндігіне сену. Дәл осы дүние қайта жаңғырады.
- «Сурет – жария» тақтасы оқушылардың өлеңдерін, шығармашылық жұмыстарын жариялайтын тақта. Бұл әрбір оқушының іштегі бұғып жатқан талантын шығаруға сүбелі үлес қосады.
- «Лездеме» тақтасы
Бұл тақта туралы Алма Қыраубайқызы былай дейді: «Оқу бөлмелерінен шыға берісте бір тақта ілініп тұрды. Жанында дайын бор бар. Мағынасын түсінбеген адам: «Дәл осы жерге тақтаның не керегі бар?» – деп ойлайтын.Баланың қимылы шапшаң. Сезімі лездемде. Өзінен-өзі секіреді. Жерден бір тасты ала салып, іргені сызады, партаны шимайлайды. Шығармашылықтың бәрі бірден мәдениеттіліктің деңгейіне жете қоймайды. Ойына келіп қалған сөзді жаза салады. Бойында жиналып қалған қуатты тез сыртқа шығаруы керек. Оны тежей берген дұрыс емес. Өтіп бара жатып лездемеде тақтаға бір досының керемет суретін сала салсын. Басқа сыныптың бір оқушысын туған күнімен құттықтайтынын білдіріп, леп белгісін қойсын. Төбе би өзінің хабарландыруын жазсын. Мұғалім оқушыларын консультацияға шақырсын. Жазатын жер болса, сөз табылады. Міне, ол – тақтаның міндеті». «Лездеме» тақтасы балалардың шығармашылғына шырақ болады.
- Сазды үзіліс
Оқушылар шырылдаған қоңырау үнінен мезі болғаны сөзсіз. Себебі оның үні сондай жағымсыз. Ал мұның орнын қазақтың классикалық күй-әндерімен алмастырса бұл да бір рухани әлемге азық болар дүние болады.
Бұл «Ұлттық мектеп» моделін жасаудың негізін Алма Қыраубаева 1993 жылы Алматы түбіндегі Жандосов ауылында жекеменшік «Гуманитарлық қазақ мәдениеті мектебі» мектебінен бастаған еді. Бірақ мектеп көп ұзамаай жабылып қалды. Бұл мектептің қалыптастырған дәстүрін қазіргі таңда жалғастырып отырған мектептер санаулы-ақ. Яғни біздің бүгінгі кемшілігіміз осы бір дүниені іске асырмай отырғанымызда болып отыр. Бұл мектептің бізге беретіні жоғарыда қарастырған дүниелерден әлдеқайда көп. Менің арманым бүкіл Қазақстандағы мектеп осы моделде жұмыс жасаса деймін. Мен бұл арқылы әлемнің кереметінің керегі жоқ демеймін, тек өзгенікін алудың да өзіндік шекарасы болу керектігін айтқым келеді. Бастысы, бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істеуі керек. Сонда ғана нәтиже болады.
...