Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің жоғарғы мамандығым

Автор:   •  Октябрь 1, 2021  •  Эссе  •  270 Слов (2 Страниц)  •  976 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Менің жоғарғы мамандығым

Әр адам баласының өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі – мамандық таңдау болса керек. «Мен кім болғым келеді?» деген сұрақ барлық оқушының ойын мазалағаны анық. Сол оқушылардың бірі мен едім.

Дегенмен, болашақ  мамандығымның география саласымен байланысты болатыны анық еді. Оқушы кезімнен тау мен өзендердің ерекшеліктерін, құрлық пен мұхиттардың таралу сипаттарын,  табиғатта болып жатқан  құбылыстар мен процестердің пайда болу себептерін білуге деген қызығушылық мені осы пәнді ерекше жақсы көріп оқуыма септігін тигізді. География пәнін тереңдете оқи келе мен, бала кезімде әжемнің: «бүгін күн қызарып батты, ертең ауа-райы жылы болады екен, бүгін аспанда жұлдыздар қаптап тұр, ертең аспан ашық болады екен, бүгін торғайлар жерге жақын ұшты, ертең жаңбыр жауады екен» деген ауа-райына қатысты ұғымдарына жауап іздедім. Және осы ертеден келе жатқан ұғымдардың ғылыми мәнін зерттеп, пайда болу себептерін түсінгім келді. Ғылымға деген ізденісімді аңғарған география пәнінің мұғалімі маған ақыл-кеңесімен, ауа-райын зерттеуге арналған мамандықтың бар екенін айтып бағыт берді. Осылайша мен метеорология мамандығының студенті атандым. Өзім таңдаған мамандықта білім алу барысында метеорологияның түрлі салаларын зерттей келе, мен синоптикалық  метеорология бағытына бет бұрдым.

Синоптиктердің міндеті – әр түрлі әдістерді қолдана отырып, қысқа және ұзақ мерзімді ауа-райы болжамын жасау, мысалы, синоптикалық диаграммаларды құрастыру мен талдау арқылы ауа-райының өзгеруін бақылауға және оның белгілі бір аймақтағы болашақ өзгерістерін бағалауға мүмкіндік беру.

Бүгінде Қазақстанда синоптиктерді дайындайтын бір ғана мамандандырылған университет бар. Ол – Қазақ Ұлттық Университетінде география және табиғатты пайдалану факультеті.

Өз мамандығым бойынша он жылдан астам уақыт жұмыс жасап келемін. Және өз білімімді жетілдіру мақсатында биыл аталған мамандықтың магистратура бөліміне түсуді жөн көрдім. Болашақта алған білімім мен меңгерген тәжерибемді кейінгі жастармен бөлісіп, Қазақстанның ауа-райын сапалы және дәлдігі жоғары әдістермен болжауына өз үлесімді қосқым келеді.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (37.3 Kb)   docx (7.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club