Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мамандығым мақтанышым

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Эссе  •  809 Слов (4 Страниц)  •  1,590 Просмотры

Страница 1 из 4

ЖШК«Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова

атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК

Калжанов Нурлан Кенесович

химия,биология пәндерінің І-ші санаты оқытушысы.

ЭССЕ

Мамандығым мақтанышым

Мұғалім болғаныма мақтанамын. Мұғалім тілі бал, жүрегі таза, еңбегі адал. Қандай азамат болса да мұғалімнен дәріс алады. Баланың қиялына қанат бітіретін, ойын өрістететін, шабытын шарықтататын, аңсаған арманын жақындататын жанның бірі – осы мұғалім. Мамандықтың жаманы жоқ. Әйтсе де жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мұғалімнің орны бөлек қой. Өткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбелейді. Ал. Жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған білім – тәрбиесіне байланысты. Ұстаз – мектептің жүрегі.

Білім ордасы – жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беруімен қатар, халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізіп отыратын мәдени орын, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Мұнда жанкешті еңбектерімен, ізгіліктің нұрын сеуіп, бала тәрбиесіне ықпал ететін абзал жан да – мұғалім.

Жақсы мұғалімге тән қасиеттердің ең негізгісі – мұғалімнің балаларға деген сүйіспеншілік сезімінің болуы. Сондықтан әрбір ұстаз өз мамандығына шын берілген бала жанын түсінетін ізгі жан болуы керек. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз негізгі тәлім – тәрбие берудің ұйытқысы. Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар саналы да тәрбиелі, саяси – экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделілік деңгейі зор болуы үшін жүйелі еңбек етеді.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәтебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне мықты көңіл бөлінуі қажет. Тәрбие жағдайындағы белгілі бір мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді.

Сол себепті барлық ұстаз, ең алдымен, шәкіртінің жан-жақты тәлім-тәрбие алуына, олардың ішкі қасиетін анықтауға, дарынын шыңдауға, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындауға жағдай жасауы тиіс. Тәрбие ана сүтімен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін ата-анамен мұғалім мектеппен отбасы арасында бірлік болуы қажет. Тығыз байланыстағы жұмыс арқылы оң тәтижеге қол жеткізуге болады.

Бала жүрегі айнадай тап – таза мөлдір сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарауды қажет етеді. Балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы ұсақ түйектерді ата-ана да, мұғалім де байқап білуге қабілетті болу керек. Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбелегенде ғана қалыптасады деп, ғалымдар дәлелдеп кеткен. Ал, М.Жұмабай «жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды. Баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштікпен, ұлттық намыс, жігерлікке, халқын сүюге тәрбиелеу мұғалім – ең басты мәселесінің бірі болуы тиіс.

Мұғалімнің тәрбиелік қызметінің мақсаты педагогикалық теория мен тәжірибенің көкейтесті мәселесі болып табылады. Ізгіліктік педагогикада балаға оптимистік көзқарас басты басымдық

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (43.4 Kb)   docx (13.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club