Жоғарғы мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбанұсқасы және оның сипаттамасы
Автор: esil.a • Март 19, 2019 • Реферат • 879 Слов (4 Страниц) • 1,248 Просмотры
Жоғарғы мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбанұсқасы және оның сипаттамасы.
Педагогика өзінің даму кезеңінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, ол арға педагогнканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқып және білім беру теориясы — дидактика т. б. жатады.
Тәрбие мен оқыту ісінің одаң әрі дамуына байланысты педагогика ҒЫЛЫМЫНЫҢ түрлі салалары: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік - техннкалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери подогогика мәдени - ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды. Мектепке дейінгі педагогика ,үйілмендегі балалар бақшасындағы, демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.
Мектеп педагогикасы кіші, орта және жоғоры жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
Педагогика тарихи педагогиканың өз бетінше және бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдердегі педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болады.
Дефектология — педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология қару, ету, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурпапедагогика — саңырау, мылқау және херен балаларға, тифлопедагогика — соқыр балаларға, олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс балаларға, логойедия—тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.
Біздің еліміз мұндай кемістігі бар балаларға зор қамқорлық жасайды. Олар мемлекет есебінен мектептерде тегін оқытады.
Оқыту процесінің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру белгілі бір тәртіппен, нақтылы жүйемен жүзеге асырылады. Мұнжай жүйені оқыту процесінің құрылымы деп атайды. Оқыту процесі тек мұғалім мен студенттер арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:
- Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.
- Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.
- Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.
- Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және студентның оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, студенттердың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Студенттердың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.
Жоғарғы мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін студенттердың меңгеруі белгілі бір дидактикалық кезеңдерден тұрады:
- Студентке берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін анықтау.
- Студентке жаңа білімді баяндау және оны қабылдауға басшылық жасау.
- Студентның білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына басшылық ету.
- Берілген білімді бекітуге басшылық ету.
- Білімді практикада қолдануға басшылық ету.
- Студентның білім мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.
Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болады.
Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау.
Қандай да болмасын адам әрекеті мотивтен туындап, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сол секілді студентның білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады. Мотив - әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін; мақсат - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі мотивінің бірі – қызығу. Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықты туғызуға байланысты. Оның өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқытуға болмайды. Қызығуды туғызу үшін берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін қойып және анықтап беру қажет.
...