Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психофизиологияны ғылым ретінде қалыптасуы, психофизиология пәні және оның міндеттері

Автор:   •  Декабрь 21, 2021  •  Реферат  •  8,048 Слов (33 Страниц)  •  1,226 Просмотры

Страница 1 из 33

1.Тақырып: Психофизиологияны ғылым ретінде қалыптасуы, психофизиология пәні және оның міндеттері.

Ақпаратты  блок: Психофизиология (психо және физиология) психиканы оның нейрофизиологиялық субстраты мен бірлікте зерттеуге бағытталған психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. Психология немесе психология мен  физиология ғылымдары арасында туындаған ғылыми пән. Зерттеу пәні — адам мінез-құлқы мен психиканың іс-әрекетіндегі физиолгиялық негіздері. 1830 жылы француз философы Н.Массиас ұсынған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психология аралығынан орын алады. Бұл ғылым 19 ғасырдың аяғында эксперименталды психологияның бөлімі ретінде пайда болды. Физиологиялық психология терминін В.Вундт психологиялық зерттеулер жүргізу үшін ұсынған болатын. Психофизиологияны жеке пән ретінде қалыптасуына  А.Р. Лурияның әсері ықпал етті. Оның анықтамасы бойынша психофизиология — бұл психикалық іс-әрекет формасының тұтас физиологиясы.

Психофизиология (грек. psycһe — душа,  pһysis — табиғат және logos — оқыту) психикалық процестермен жағдайларды қалыптастырудың физиологиялық механизмдерін зерттейтін ғылым. Психофизиология пәнарылық ғылыми пән биологиялық факторлардың ролін соның ішінде психикалық іс-әрекеттері реализациясын нерв жүйесінің қасиеттерін зерттейді. Психофизиологияның ғылым ретінде қалыптасуына орыс ғалымдары үлкен үлес қосты. Атап айтсақ И.М.Сеченов, И.П.Павлов, В.М. Бехтерев, А.А.Ухтомский.

Психология                Психофизиология                     Физиология

Психиканың          Психикалық процестермен        Тірі  орган-

 қалыптасуы          күйлердің физиологиялық          дар, олардың

мен даму                механизмдері туралы                  жеке

заңдылықтары       ғылым                                          жүйелері, мү-

туралы ғылым                                                             шелері, ткань

                                                        дері және

                                                                                     клеткалардың

                                                                                     қалыптасу заң

                                                        дылықтары

                                                                                     туралы ғылым.

Психофизиология пәні, психофизиологиялық факторлардың құрылымын (биологиялық және әлеуметтік) және олардың ерекшеліктері мен адамның тарихи, сондай-ақ индивидуалды даму процесіне әсері. Психофизиологиялық мақсат адамды оның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік көріністерінің барлық жиынтығын көрсету болып табылады.

Психофизиологияның міндеттері:

— психикалық процестер мен қалыптардың физиологиялық механизмдерін жүйелі, нейронды, симпатикалық және молекулялы деңгейде зерттеу;

— адамның жоғарғы психикалық функциясы нейрофизиологиялық механизмдерді  ұйымдастыруын зерттеу.

 Қазіргі кезде психофизиологияда дәстүрлі әдстермен қатар сенсорлық, маторлық, вегетациялық реакцияларды тіркеу, миды жасанды ширықтыру (стимуляция және миға зақым келу салдарын талдау), электрофизиологиялық әдістер (электрэнцофалография) сондай-ақ сараптау мәліметтерін өңдеуді  математикалық тәсілдер қолданылады.

Психофизиологияның жеке бағыттары:

  • сезім мүшелерінің психофизиологиясы;
  • мотивация психофизиологиясы;
  • эмоция психофизиологиясы әсіресе жеке тұлғалық психологиялық айырмашылықтардың физиологиялық негіздерін зерттейтін дифференциалды психофизиологияның маңызы зор.

Психофизиологияның  басты мақсаты нейрофизиологиялық механизмдерді түсіндіру арқылы психикалық құбылыстарды түсіндіру немесе адам организмі қызметін тұтас синтездік тұрғыда құрылымдық мағыналық сыңайдан құрастыру арқылы әрбір психикалық құбылыстың физиолгиялық тетігін және әрбір физиологиялық процестің психикалық маңызын айқындайды. Психология саласындағы зерттеулер қабілеттің, темпераменттің және т.б. психодиагностиканың дамуына әсер етеді.

Пысықтау сұрақтары :

  1. Психофизиология пәні туралы жалпы түсінік.
  2. Психофизиология ғылымдар жүйесінде алатын орны.
  3. Психофизиология пәнінің міндеттері, мақсаттары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

...

Скачать:   txt (110.3 Kb)   pdf (308.6 Kb)   docx (44.6 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club