Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
Автор: Guldauren Kopzhassarova • Сентябрь 15, 2023 • Дипломная работа • 7,410 Слов (30 Страниц) • 260 Просмотры
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Копжасарова Г.Б.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
ДИПОМДЫҚ ЖҰМЫС
Білім беру бағдарламасы: 6ВО1301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орал 2021 ж.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Қорғауға жіберілді
Мектепке дейінгі және бастауыш
білім беру кафедрасының меңгерушісі,
магистр____________Д.Ғ. Хабиева
«___»__________________2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
Білім беру бағдарламасы: 6ВО1301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орындаған: БОПӘ/ж- 23 тобының студенті
Г.Б. Копжасарова
Ғылыми жетекші:
п.ғ.к., доцент И.У.Хасанова
Орал, 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері
1.1 Эстетикалық тәрбие туралы түсінік және оның мазмұны
мен міндеттері.....................................................................................................6
1.2 Халық педагогикасында эстетикалық тәрбие және оның
құралдары............................................................................................................12
Бірінші бөлім бойынша қорытынды.......................................................16
2 Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
2.1 Эстетикалық тәрбиені оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру және
оның құралдарын пайдалану .............................................................................18
2.2 Тәжірибелік- эксперименттік жұмыстың мазмұны мен нәтижелері
.....................................................................................................................24
Екінші бөлім бойынша қорытынды.........................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................31
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз – инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады. Біздің елімізде жас буындарды эстетикалық тәрбиелеуді пайдалану мәселесіне арналған іс-тәжірибелік сипаттағы мақалалары мен көлемді де іргелі еңбектері бар ғалым-педагогтар Х.Арғынбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Оразбекова, А.Бейсенбаева, М.Мырзахметов, А.Тұрбекова, Қ.Сыздықов, т.б. айтуға болады. Алайда қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы – жасөспірімдерді жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие қомақты орын алды. Мұғалім оқушыларды адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтылады, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуы керек.
...