Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Барлық оқушыларды сабаққа жұмылдырудың тәсілдері мен әдістері

Автор:   •  Январь 9, 2019  •  Доклад  •  2,320 Слов (10 Страниц)  •  780 Просмотры

Страница 1 из 10

Барлық оқушыларды сабаққа жұмылдырудың тәсілдері мен әдістері

Павлодар облысы

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 Абай атындағы  жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ахметова Бактыгул Далабаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Кіріспе

Қай мемлекетті алар болсақ, негізгі тірегі –білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені айқын. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазіргі заман талабына сай оқыту, жас ұрпақты біліммен сусындату - мұғалімнің міндеті.

Менің жұмыс өтілім он тоғыз жыл, осы уақыт ішінде мен дәстүрлі сабақ оқушылардың әлеуетін ашуға мүмкіндік тудырмайтынын түсіндім. Балалардың оқуға деген құлшынысының жоқтығы, сабаққа деген қызығушылықтың төмендігі мені қатты толғандыратын болды. Бірен-саран оқушылар қатысып, көпшілігі солардың тасасында қалып қоюы күрделі мәселе болды. Кездескен кедергілер: көптеген оқушылардың оқыған мәтіні бойынша жұмыс жасай алмауы, оқушылардың өз ойын дұрыс тұжырымдай алмауы, фактілерді келтіре алмауы, диалог жүргізе алмауы. Сабақта белсенділіктің болмауы  сыныптың білім сапасына әсер етеді. Мұндай мәселені шешу үшін барлық оқушыны тартатын әдіс-тәсілдерді оңтайлы қолдана білу керек болды. Сыныпта барлық оқушыларды сабаққа тартудың тәсілдері мен әдістері бойынша ізденіп, тәжірибе жинақтадым. Бастапқы және негізгі орта мектепте білім берудің жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша педагогтермен тәжірибе бөлісуді жөн көрдім.

- барлық оқушыларды сабаққа тартудың тәсілдері мен әдістерін көрсету, тиімділігін анықтап беру, дәлелдеу.

Міндетім: 

- практикум барысында топтарға бөліп, топта тиімді жұмыс түрлерін көрсету.

- оқыту практикумын мағыналы, жүйелі, тартымды, қызықты өткізе отырып, мұғалімдердің осы әдіс-тәсілдерді өздерінің күнделікті педагогикалық қызметіне енгізуіне түрткі болу секілді міндеттерімді орындап, мақсатыма жетуге жұмыстанып көрейік.

Негізгі бөлім

Мен педагогикалық жұмысымның түп тамырына «Мәңгілік ел» идеясын негіз етіп, өзімнің жұмыс бағдарымды айшықтап алдым. Ондағы 7 бағыттың біреуі «тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» аясында еліміздің жастарының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын сіңіруде еңбек етіп келемін. Әріптестеріммен іс-тәжірибемді бөліскенде де  осы бағытта тапсырмалар дайындаймын.  Жаңа бағдарлама бойынша бастауыш сынып оқушылары жылына 8 ортақ тақырыпты меңгереді. Соның бірі «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімі. Бұл бөлімде халық ауыз әдебиеті шығармалары енгізілген, білім алушыларға ұлттық тәрбие беру көзделеді.

Топқа бөлу: барлық қатысушылар кілем үстінде шеңбер жасап отырады. Бір-біріне жақсы көңіл-күймен, көзқараспен қарап, жылылық сыйлайды, жағымды атмосфера орнатуларын сұраймын. Әр қатысушыға бір-бір сурет қиындылары беріледі. Суретті құрастыру арқылы топ мүшелері бірін-бірі тауып бірігеді.

[pic 1]   [pic 2]    [pic 3]    [pic 4]

-Енді құрастырған суреттеріңізге назар аударыңыздар. Әр топта халық фольклорының бір түрі - аңыз  кейіпкерлері бейнеленген. Қандай аңыз екенін анықтай алдыңыздар ма?

- «Райымбек бұлағы», «Асан қайғы», «Ақсақ құлан» т.б.

- Ендеше «Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі арқылы бүгін қысқа-қысқа бірнеше аңыздармен танысатын боламыз.

1-қадам. Жаңа сабақ мақсатын анықтау

2-қадам. Төрт адамнан «үй» тобына бөлу. Әр топ 1,2,3,4 деген өз нөмірлерін алады

3-қадам. топтың әрқайсысына тапсырма үлестіріледі. (осы қысқаша аңыз әңгімелерді біреуден әр топқа таратып беремін, оқып таныс болыңыздар.)

4-қадам. топ ішінде әр оқушыға нөмір беріледі (1,2,3,4)

5-қадам. Үй тобында мәселе талқыланады (Аңызбен танысып болған соң, енді топта осы әңгімені өзара жақсылап талдаңыздар.)

...

Скачать:   txt (32.5 Kb)   pdf (258.4 Kb)   docx (152.4 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club