Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Информатика сабағында озық технологияларды жан-жақты қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық икемділігін дамыту

Автор:   •  Май 23, 2023  •  Курсовая работа  •  3,038 Слов (13 Страниц)  •  130 Просмотры

Страница 1 из 13

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән бойынша: «Информатиканы оқыту әдістемесі»

Тақырыбы: «Информатика сабағында  озық технологияларды жан-жақты қолдану арқылы оқушылардың  шығармашылық икемділігін дамыту»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

3

1

Информатиканы оқыту әдістемесі

1.1

Информатиканы оқытудың мақсаты мен мәндеттері

4

1.2

Информатиканы оқытудың мазмұны

5

2

Информатика пәнін жүргізу барысында жаңа озық технологияны қолдану

2.1

Информатика пәнін оқытуда жаңа озық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану

10

2.2

Жаңа озық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық икемділігін дамыту

15

Қорытынды

25

Қолданылған әдебиеттер тізімі

26

 

КІРІСПЕ

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі жүріп жатыр. ХХІ  ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен  мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке  жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен  сусындатып отыруға тиісті. Бұл іске  нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім  — қоғамдағы болып жатқан  тез өзгеріп  тұратын әлеуметтік  — экономикалық, педагогикалық өзгерістерге  тез төселген, жаңаша ойлау жүйесін  меңгерген, жан — жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы  болуы қажет. Өз пәнінің  шеңберінде  қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.

Егеменді еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. ХХІ  ғасыр білімділер ғасыры. Информатика келешек ұрпақтың :

  • жан — жақты білім алуына;
  • іскер әрі талантты;
  • еркін дамуына жол ашады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру.

Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер алдымызға қойылды:

  • Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  • Технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушының компьютерлік сауаттылық мәдениетін қалыптастыру.
  • Сыни тұрғыдан ойлауға,өз бетінше ізденіп алған білімін  тиімді пайдалануға  

дағдыландыру.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімдерден, қорытындыдан және  қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыс көлемі- 25 бет.

І ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасымыз атап атқандай, жастарға білім беру барысында  ақпараттық технологияны оқу процесінде оңтайландыру жолдары мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазір біз ақпарат кең көлемдідамыған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Еліміз үшін басты міндеттердің бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Жалпы алғанда ең алдымен мына ұғымға анықтама бере кетсек оқытудың әдістемелік жүйесі дегеніміз – бұл ооқытудың тиімділігінт арттыру барысындағы бір-біріне себепші болатын оқыту түрлері және формаларының, жоспарлау мен өткізу құралдарының, бақылау және сараптау, сонымен қоса түзетулер осылардың барлығының жиынтығын айтамыз.

Ал енді, информатиканы оқыту әдістемелік жүйесі – оқыту тәсілдерін алгоритмдеу, жүйелеу, мақсатты анық қорытындылау негізінде мұғалім мен білі алушының өзара әртүрлі әрекеттерін қамтиды. Сондықтан осы жүйедегі үйретуші – ол мұғалім яғни сабақтардың жетекшісі, осы жердегі үйренуші – ол әрине оқушы яғни оқу обьектісі болып табылады[8].

...

Скачать:   txt (45.6 Kb)   pdf (394.6 Kb)   docx (392.3 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club