Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химия сабағында оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға проблемалық жағдаяттардың әсері

Автор:   •  Май 6, 2021  •  Дипломная работа  •  13,511 Слов (55 Страниц)  •  819 Просмотры

Страница 1 из 55

Ф-ОБ-011/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Асқар Маржан

Химия сабағында оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға проблемалық жағдаяттардың әсері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011200-«Химия» мамандығы

Түркістан 2020


Ф-ОБ-011/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Экология және химия» кафедрасының

меңгерушісі____________х.ғ.к.,профессор м.а. Нұрділлаева Р.Н.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Химия сабағында оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға проблемалық жағдаяттардың әсері

5В011200-«Химия» мамандығы

Орындаған:                                                                Асқар М.М.

Ғылыми жетекшісі,

х.ғ.к., ХҚТУ профессоры                                                Жұмаділлаева С.А.

Түркістан


АҢДАТПА

Дипломдық жұмыста химия сабағында 9-шы сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыруға проблемалық жағдаяттардың әсері және химия сабағында жаңа заманауи әдістерді қолдана отырып, сабақ өткізудің нәтижелері тұжырымдалған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – алғашқы рет химия сабақтарында жаңадан әзірленген проблемалық жағдаяттарды қолдану арқылы оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру және білім сапасын жақсарту болып табылады.

Мақсатты орындау үшін дипломдық жұмысқа келесі міндеттер қойылды: сабақтарды 9-шы сынып оқушыларымен апробациядан өткізу және алынған нәтижелерді дәстүрлі оқыту технологиясымен салыстыру. Апробациядан өткен әр тақырып бойынша проблемалық жағдаяттарды қолдана отырып сабақ жоспарлары жасалынды; қолданылғын әр әдіс-тәсілдер критериалды бағалау жүйесінің талаптарына сай бағаланды, сонымен қатар 9-шы сынып тақырыптары бойынша проблемалық жағдаяттар технологиясын қолдана отырып зертханалық жұмыстардың жұмыс барысы көрсетілінді.

Зерттеу барысында химияны проблемалық жағдаяттар арқылы оқыту оқушылардың ынтасын, яғни белсенділігін арттырудың маңызды бағыттарының бірі екенін көрсетті. Оқушылардың 81 % химия пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, химия сабақтарын проблемалық жағдаяттар әдісінің тиімділігі 81,25% көрсетті.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы және жаңалығы мектеп оқушыларына білім алуды тиімді ұйымдастыру үшін жаңа заманауи әдіс-тәсілдермен, технологиялармен сабақ өтіп қана қоймай, оларды проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру және оларды өз бетімен еңбектенуге үйрету болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, әдебиеттік шолудан, әдістемелік және  нәтижелерді талқылау бөлімдерінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 60 беттен тұратын дипломдық жұмысқа 9 кесте,  21 сурет енген, библиографиялық әдебиеттер тізімі – 32.


АННОТАЦИЯ

Дипломная работа   рассматривает влияние проблемных ситуаций на развитие способностей  мышления  учащихся 9-х классов на уроках химии  и полученные результаты с использованием новых современных методов обучения.

Целью дипломной работы является повышение качества знаний учеников по химии путем использования проблемных методов обучения в химии.

Для достижения этой цели были поставлены следующие задачи: апробация уроков химии с учащимися 9-х классов и сравнение результатов с традиционными технологиями обучения.  Планы уроков были разработаны для каждой темы с использованием проблемных ситуаций; каждый из использованных методов оценивался в соответствии с требованиями системы критериальной оценки, а также подготовлены лабораторные работы  по темам  9-х  классов с использованием технологии проблемных ситуаций.

Исследование показало, что преподавание химии в проблемных ситуациях является одним из важнейших способов повышения мотивации учеников.  81% учеников заинтересовались химией, а эффективность метода решения проблемных задач  на уроках химии составила 81,25%.

...

Скачать:   txt (196.2 Kb)   pdf (1.8 Mb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 54 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club