Түркімен әдебиеті. Олардың шығармашылықтары
Автор: Jin1992 • Декабрь 22, 2022 • Реферат • 706 Слов (3 Страниц) • 339 Просмотры
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сарқан гуманитарлық колледжі
Сабақтың тақырыбы: Түркімен әдебиеті. Олардың шығармашылықтары. | |
Модуль /пән атауы: ТМД елдер әдебиеті | |
Педагог: З. А. Жумагельдинова | |
2022 жылғы «10» қаңтар | |
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР | |
Курс,топ | 2-курс, 2 Б |
Сабақ типі: | Жаңа сабақ |
2. МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ | Түркімен әдебиетінің ауызша және жазбаша әдебиетінің тарихы туралы ғылыми түсінік қалыптастыра отырып, түркі тектес халықтарының әдебиетінің қазақ әдебиетімен байланысын, өзара ықпалдастығы жайында мәлімет беру. |
3.ОҚУ САБАҚТАРЫ БАРЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАР ИГЕРЕТІН КӘСІБИ БІЛІКТЕРДІҢ ТІЗБЕСІ | Студенттердің барлығы орындай алады: Сұрақтарға жауап бере алады. Жазба жұмыс жасайды. Студенттердің көбі орындай алады: Түркімен әдебиеті және олардың шығармашылықтары жайлы ақпарат айта алады. Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Студенттердің кейбіреуі орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
4. САБАҚТЫЖАБДЫҚТАУ | Оқу және әдістемелік құралдар, интернет ресурстары, көрнекі құралдар. |
5. БАҒАЛАУ КРИТЕРИИІ | Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Түркімен әдебиеті және олардың шығармашылықтары жайлы мағлұмат айта алады және қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
6. САБАҚТЫҢБАРЫСЫ Сабақтың басы: (Негізгі бөлім) Сабақтың ортасы: Сабақтың соңы: | Ұйымдастыру кезеңі
Түркімен халық ауыз әдебиеті – эпостық шығармалар мен ертегілерге мейлінше бай болып келеді. Түркімен фольклорында кең орын алған салалардың бірі – Шығыс классик поэзиясының дәстүрлі сюжеттері («Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп пен Зылиха», «Ғариб пен Санам», «Көроғлы», «Тахир мен Зухра», т.б.) бойынша нәзира үлгісімен тың дастандар жазу деуге болады. Түркімен жазба әдебиетінің алғашқы ірі өкілдері Бурхониддин Сивосий мен Саид Насмий (XIV ғасыр) шығармаларында өсиет-уағыз айту сарыны басым еді. Бұдан кейінгі дәуірлерде өмір сүрген Хилали Чағатай (XIV ғасыр), Бархудар Түркмен (XVII ғасыр) сияқты түркімен ақындары өз жырларын сол дәуірдің әдебиет дәстүріне сәйкес парсы тілінде жазды. Дегенмен, түркімен классикалық әдебиетінің өркендеп, өскен кезеңі негізінен XVIII-XIX ғасырлар болды. Бұл кезде өзара қырықпышақ болып қырқысып жатқан түркімен ру-тайпаларының басын қосып, бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет құру міндеті тұрды. Міне, осы ел бірлігі мәселесін XVIII ғасырда өмір сүрген Андалиб және Азадий сияқты ірі ақындар жырлады. Олар өздерінің Шығыстық сюжетке жазылған дастандары арқылы түркімен халқын ынтымақ-бірлікке шақырды. Мәселен, өзбек шайыры Әлішер Науаи жазған «Ләйлі-Мәжнүн» тақырыбына түркімен ақыны Ғариб Андалиб елді бірлікке үндейтін ғажайып дастан шығарды. Түрікпен әдебиетінде ақындар айтысының жазбаша түрі ертеректе кең өріс алған еді. Мәселен, Мақтымқұлы мен Дурду Шаһир (XVIII ғасыр) арасындағы, Сеиди (1775-1836) мен Зелелий (1795-1850) арасындағы жазба айтыстардың қоғамдық-әлеуметтік мәні зор еді. Түркімен әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі – Мақтымқұлы Фраги (XVIII ғасыр) болды. Молла Непес Қадырбердіұлы (1810-1862) – түркімен халқының атақты ақыны және көрнекті музыканты. Ол лирик, әрі эпик ақын. Ақынның «Іздеп келем сүйген жарды», «Көздерің», «Қыз», «Аңсау», т.б. лирикалық өлеңдері күні бүгінге дейін халық арасында әнге салынып жиі айтылады. Моллас Непес – Шығыс классикалық поэзиясының нәзира дәстүрін түркімен поэзиясында зор шеберлікпен дамытқан ақын. Бұған Молла Непестің «Таһир мен Зухра» және «Келмек ем» дастандарында адам бойындағы ізгі қасиет – махаббатты зор шабытпен жырлайды. Ақын оқырманын адамгершілікке, ізгілікке, мейірімдікке, достыққа, ынтымақ-бірлестікке үндейді. Кемине (1770-1840) – түркімен халқының сатирик ақыны Ақын адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықты, тәкәппарлықты, жалқаулықты, сараңдықты, дөрекілікті, қанағатсыздықты, мақтаншақтықты, т.б. өлтіре сынайды. «Кедей», «Қазына» деген өлеңдерінде ел басқарған әкімдердің қатыгездігін, надандығын әжуа етеді. Түркімен әдебиеті – эпостық шығармалар мен ертегілерге мейлінше бай болып келеді. Түркімен фольклорында кең, орын алған салалардың бірі Шығыс классик поэзиясының дәстүрлі сюжеттері («Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп пен Зылиха», «Ғариб пен Санам», «Көроғлы», «Такир мен Зухра», т.б.) бойынша Нәзира үлгісімен тың дастандар жазу деуге де болады. XVI ғасырда бірнеше шығармалардан (12 жыр) құрастырылған «Китаб Дәдәм Қорқуд» («Қорқыт ата кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ бұл әдеби мұрада ертедегі сол халықтардың әдет-ғұрпы мен діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) және Кавказ, Азия елдерінің эпостық дәстүрлері бейнеленген. Оның сюжеттік элементтері «Кероглы» («Көрұғлы», XVI ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (XVI ғ.), Мырза Бархудар Түркмен (XVII ғ.) т.б. ертедегі Түркімен ақындары шығармаларын парсы тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. XVIII ғасырдың 2-жартысынан XX ғасырдың басына дейін саяси әлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты патриотизм сарыны мен азаматтық әуенде жазылған шығармалар пайда болды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
|
Сабақ бойынша рефлексия | [pic 1] |
ҮЙТАПСЫРМАСЫ | Тақырып бойынша лекция жазу және тест сұрақтарын құрастыру. |
...