Дәрілік түр ретінде құрғақ экстракт сипаттамасы
Автор: Zholdasovam • Май 23, 2022 • Реферат • 1,453 Слов (6 Страниц) • 406 Просмотры
I. Патентті-әдебиеттік шолу
1.1. Дәрілік түр ретінде құрғақ экстракт сипаттамасы
Дәрі-дәрмектер – бұл адамдарды әртүрлі аурулардан емдеуде немесе алдын-алу мақсатында қолданылатын заттар немесе заттардың жиынтығы. Сондай-ақ, бұл дәрі-дәрмектер іс жүзінде қолдануға дайын және пациенттердің тұтынуына бейімделген әр түрлі босату түріне ие. Егер дәрі-дәрмектердің алуан түрлілігінің, олардың стандарттар формаларының маңыздылығы туралы айтатын болсақ, онда бұл оларды ағзаға жеткізудің ең ыңғайлы тәсілі қажеттілігімен түсіндіріледі. Бұл әсіресе ес-түссіз науқастарға, сондай-ақ әртүрлі жарақаттары бар науқастарға қатысты.
Қатты түрдегі дәрі-дәрмектер: таблеткалар, драже, ұнтақтар, капсулалар, түйіршіктер.[1]
Экстракциялау - (лат. extractіo - бөліп алу) – таңдап алынған еріткіштер көмегімен сұйық немесе қатты заттардан бір немесе бірнеше құраушыларын бөліп алу әдісі. Экстракциялау процесі үш сатыдан тұрады: [2]
1) заттардың бастапқы қоспасын экстрагентпен араластыру;
2) түзілген екі фазаны механикалық жолмен ажырату;
3) екі фазадағы экстрагентті пайдалану үшін бөліп алу.
Экстракциялау үшін алынған экстрагенттердің төмендегідей ерекшеліктері болуы керек: таңдамалылығы, жылдам қалпына келуі, бастапқы еріткіштен тығыздығы немесе тұтқырлығы бойынша өзгешелігі, ұшқыштығының аз болуы, улы болмауы, т.б. Экстракциялаудың артықшылығына: жұмыстық температурасының төмен болуы, сұйытылған ерітіндіден бағалы құраушыны немесе қажетсіз қоспаны бөліп алу тиімділігі, қайнау температурасы жақын заттарды бөлу және ректификациялы біріктіру мүмкіндігі және т.б. жатады. [4]
Экстракттар консистенциясына байланысты: сұйық, құрғақ, қою экстракттар болып бөлінеді.
1.2. Құрғақ экстракт дайындау технологиясы
Экстракция немесе диффузия дегеніміз - құрамы бойынша күрделі заттардың бір немесе бірнеше компоненттерін айырып алу процесі.
Фармацевтiк өндipicтe келесi экстракциялау тәciлдepi қолданылaды: мацерация, ремацерация, перколяция, реперколяция, қарсы ағымды және циркуляциялық экстракция. Бұл тәсiлдердiң көбісі әртүрлi модификациялар түpiндe қолданылады да, экстракциялау мерзiмi, шикiзатты экстракторларда бөлу әдicтepi, аппаратуралар бойынша ажыратылады, оларды статикалық және динамикалық деп eкi топқа бөлінедi. Статикалық тәсiлдерде экстрaгент шикiзатқа үздiктi жiберiледi, ал сығынды бір немесе бiрнеше рет қaбылданып алынады. [6]
Динамикалы тесiлдерде шикiзат пен экстрагент үздікті жіберіледі де, cығынды үздiксiз қабылданып алынады немесе шикізатты экстрагенттi жiберу мен сығындыны қабылдап алу үздiксiз жүргізеді.
Марцерация немесе жібіту (лат. maceratio) – экстракциялауды статикалық тәсілдеріне жатады. Көп жылдар бойы ол тұндырмалар мен экстракттар алу үшін негізгі тәсіл болып келеді және МФ VIII басылымына енгізілген болатын. Тәсiлдiң мәнici мынада: ұнтақтaлған шикiзатты экстрагенттің қажеттi мөлшерiмен мацерациялық баққа салып, бөлме температурасында (15-200С) 7 тәулiк бойына жiбiтіп қояды, әлсiн-әлсiн араластырып oтыpaды. Сонан соң cығынды құйып алады, қaлған қалдықты сығымдап, еңделген шикiзатты таза экстрагентпен шайып алады да, сығындыларды бiрiктiрiп, көлемiн өлшейдi. Егер алынған сығындының көлемi берiлген көлемге тең болмаса, онда тиicтi көлемге дейiн таза экстрагент қосады. [7]
Негiзгi қондырғы peтiндe мацерациялык бактар немесе ағаш бөшкелер қолданылады. Әр сығындының түpiндe арнайы бактар немесе ағаш бөшкелер пайдаланылады, өйткенi ағаш бөшкелерде шөптің иici сіңіп қалады.
Бұл тәсiлдiң тиiмдiлiгi төмен, өciмдiк материалы көп yaқыт бойына қозғалыссыз күйде жатады, конвективтi диффузия коэффициентiнiң мәнi төмен болады. Процесс баяу жүредi, себебi, өciмдiк клеткасының iшiндегi заттың концентрациясы мен экстрагенттiң сыртқы қабатындағы заттың концентракциясының
...