Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Суспензия және эмульсияны дәрілік түр ретінде тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ

Автор:   •  Ноябрь 25, 2021  •  Реферат  •  8,407 Слов (34 Страниц)  •  620 Просмотры

Страница 1 из 34

                              [pic 1]                                 

                                          Дәрілер технологиясы кафедрасы

  Реферат

Тақырыбы: Суспензия және эмульсияны дәрілік түр ретінде тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ

                                                                                                                         Орындаған: Абдраман А

                                                                                                                         Тобы: ФҚБ 01-19

                                                                                                                        ҚабылдағанНурбаева С.Е

   

  Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

  • Жалпы түсінік
  • Суспензия мен эмульсияға жалпы сипаттама.
  • Суспензия мен эмульсияның артықшылықтарымен кемшіліктері
  • Суспензия мен эмульсияны дайындау әдістері
  • ЖМЗ және  БАЗ тұрақтандыру әсерінің механизмі

ІІІ.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

                                     

Суспензиялар - (Suspensiones) - официналды дәрiлiк түр. МФ ХI басылымының 2-шi томына жалпы мақала енгізілген.

Суспензия - сұйық дисперстiк ортада ерiмейтiн қатты дисперстiк фазадан тұратын iшуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогендi сұйық дәрiлiк түр.

Барлық дәрiлiк түрлер секiлдi суспензиялардың да артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар.

Артықшылықтары: суспензия түрiнде ерiткiштерде ерiмейтiн дәрiлiк заттарды босатуға болады, әсер ету эффективтiлiгi бойынша суспензиялар ерiтiндiлер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердiң жоғары дисперстiлiгiнен дәрiлiк заттар тез терапевтiк әсер көрсетедi. Суда ерiтiлген дәрiлiк заттардың сулы ерiтiндiлерi ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етедi.

Кемшiлiктерi: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзiмi қысқа дәл дозаланбайды.

Сондықтан суспензия түрiнде улы және күштi әсер ететiн дәрiлiк заттарды босату мүмкiндiгi жоқ.

Құрамына және дайындау тәсiлiне байланысты суспензиялар: Iрi суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 1-100 мкм аралығында), майда суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлiнедi.

Суспензияның түзiлу жағдайлары:

  • дәрiлiк түр құрамына дисперстiк ортада ерiмейтiн заттар енгенде (күкiрт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т.б. - суспензия физикалық әдiспен дайындалады);
  • егер дәрiлiк заттың мөлшерi ерiгiштiк шекарасынан асып кетсе, мысалы, бор қышқылының мөлшерi 5%-дан, натрий гидрокарбонатының мөлшерi 8%-дан артық концентрацияда жазылса (суспензиялар физика-химиялық әдiспен дайындалады);
  • ерiткiштi алмастырғанда суспензияның түзiлуi. Мысалы, егер сулы ерiтiндiге спирттi ерiтiндi (галендi және жаңа галендi препараттар) қосылса, дәрiлiк заттың ерiгiштiк қабiлетi төмендеп, ол тұнбаға түседi (физика-химиялық әдiс). Сондықтан микстураларды суспензиялардың жеке бiр тобы деп санауға болады;
  • жеке еритiн дәрiлiк заттарды бiр дисперстiк ортада ерiткен кезде, олар әрекеттесiп ерiмейтiн қоспа түзiледi (химиялық әдiс).

Суспензиялардың осмостық қысымы жоқ. Бөлшектер мөлшерiнiң үлкендiгiнен жартылай өткiзгiш мембранадан диффузия құбылысы жүрмейдi. Сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процессi жүргiзiлмейдi. Кинетикалық тұрақсыз. Суспензияларға седиментация құбылысы тән, ауырлық күшi әсерiнен бөлшектер тұнбаға түседi. Егер бөлшектер бiр-бiрiне жабыспай еркiн тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп атайды, ал егер бөлшектер молекулалық iлiнiсу күшi әсерiнен жабысып үлпектер түзiп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды.

...

Скачать:   txt (78.5 Kb)   pdf (544.5 Kb)   docx (265.5 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club