Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәрілік түрлердің ағзаға енгізу жолы және агрегаттық жағдайы бойынша жіктелуі

Автор:   •  Март 4, 2018  •  Реферат  •  2,343 Слов (10 Страниц)  •  4,235 Просмотры

Страница 1 из 10

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуі

В) Дәрілік түрлердің қолдану тәсілі бойынша жіктелуі

С) Дәрілік түрлердің дисперсиологиялық жіктелуі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Дәрілік түр – дәрілік құралға қолдануға қолайлы және оның емдік , профилактикалық әсерін қамтамасыз ету үшін берілген белгілі күйі. Дәрілік түрлер технологиясының мақсаты – дәрілік препараттар түрінде қолданылатын әртүрлі өнімдер жасау. Олардың қасиеттері, табиғаты және алынуы әртүрлі, сондықтан, оларды сәйкес топтарға жіктеу қолайлы. Технологиялық тұрғыдан жіктеу өнімді дайындаудың тиімді схемасын алдын – ала анықтауға мүмкіндік береді және оқу курсында материалды оқып үйренуді жеңілдетеді. Дәрілік түрлер жіктеледі:

- агрегаттық күйіне байланысты;

- қолдану тәсілі бойынша;

- дисперстік жүйесі бойынша.

ІІ. Негізгі бөлім

А) Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуі

Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуін академик ғалым Ю.К.Трапп ұсынған. Барлық дәрілік түрлер агрегаттық күйіне байланысты төрт топқа бөлінеді: қатты, сұйық, жұмсақ және газ тәріздес. Қатты дәрілік түрлерге - жинақтар, ұнтақтар, таблеткалар, пилюлалар, суппозиторийлер шариктер, таяқшалар, гранулалар, микрогранулалар; жұмсақ дәрілік түрлерге – жағар майлар, пластырлер; сұйық дәрілік түрлерге - микстуралар, тамшылар, басуға, шаюға арналған ерітінділер; газ тәріздес дәрілік түрлерге - газдар, булар, аэрозольдер жатады. Агрегаттық күйі бойынша жіктелугеометриялық түрді сипаттайтын болғандықтан, дәрілік түрлерге алғашқы сипаттама беру үшін қолайлы (конустық, цилиндрлік суппозиторийлер). Агрегаттық күй дәрілік препаратқа белгілі бір түр беру мүмкіндігіне де байланысты болады. Мысалы, жұмсақ массалардан жасалуы мүмкін емес пилюлялар, шариктер. Бұл жіктелу дәрілік түрдің әсер ету жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Сұйық дәрілік түрлер қатты дәрілік түрлерге қарағанда тез әсер көрсетеді, себебі, қатты дәрілік түрлер сіңірілу алдында ағзаның биологиялық сұйықтықтарында еруі тиіс. Бірақ агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуінің бірқатар кемшіліктері бар. Мысалы, бір дәрілік түр құрамындағы қосымша заттардың физикалық қасиеттеріне байланысты әртүрлі топқа жатуы мүмкін. (мысалы, майлы негізде дайындалған суппозиторийлер - жұмсақ дәрілік түрге, ал полиэтиленоксид негізінде дайындалған суппозитоийлер қатты дәрілік түрге жатады). Қолдану тәсіліне байланысты дәрілік түрлерге қойылатын ерекше талаптар ескерілмейді (мысалы, ішуге қолдануға арналған ұнтақтар және жара бетіне себуге арналған ұнтақтар). Сонымен бірге, дәрілік түрлердің агрегаттық күйі бойынша жіктелуінде, дәрілік түрлерді дайындау барысында қолданылатын технологиялық процестер жөнінде ақпарат болмайды. Ал ол - технологиядағы негізгі белгі болып саналады, өйткені, технология - өндірістік процестер жөніндегі ғылым. Бірақ жіктеудің бұл түрі қазіргі кезге дейін сақталып, МФ ХІ басылымына дәрілік түрлерге алғашқы сипаттама беру үшін енгізілген. Ұнтақ — фармакология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтарды ішуге де, сырттай теріге себуге де болады. Ұнтақтардың 2 түрі бар: 1) қарапайым ұнтақ, бір ғана заттан; 2) күрделі ұнтақ, бірнеше заттан құралады. Ұнтақтардағы дәрілік заттар өте майда

...

Скачать:   txt (32.7 Kb)   pdf (68.2 Kb)   docx (20.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club