Физикалық шамалар, жіктелуі
Автор: Aruzhan122 • Март 13, 2023 • Реферат • 3,048 Слов (13 Страниц) • 285 Просмотры
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі кафедрасы
Тағам Технологиялар Факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Физикалық шамалар, жіктелуі»
Орындаған: Төреқұл А., Садықбек Ш.
Қабылдаған: Баймаханов Г.
Алматы
2023ж.
Жоспар
Кіріспе...........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Физикалық шама және оның жіктелуі...............................................................4
2. Физикалық шаманың мәні..............................…................................................6
3. Шама бірлігінің мемлекеттік эталоны...............................................................7
4. Мемлекеттік эталонның заңнамасы...................................................................9
Қорытынды…………………………………………………….......................…….12
Пайданылған әдебиеттер тізімі................................................................................13
Кіріспе
Шама - басқа қасиеттердің ішінен ерекшеленетін және белгілі бір әдіспен бағаланатын белгілі бір нәрсенің қасиеті. Шама әр түрлі ерекшеліктеріне қарай жіктеледі.
Физикалық шама деп көптеген физикалық объекттер үшін сапалың тұрғыда ортаң болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі аталады. Осылайша, «қаттылық» қасиеті сапалық тұрғыда болат, ағаш, шыны сияқты материалды сипаттайды, ал қаттылық дәрежесі (сандық мәні) - олардың әрқайсысы үшін әр түрлі шама.
Физикалық шамалар әр түрлі параметрлер бойынша жіктеледі. Яғни құбылыс түрлеріне байланысты, басқа шамалардан шартты тәуелсіздігі дәрежесіне байланысты, өлшемдерінің болуы бойынша.
1.Физикалық шама және оның жіктелуі
Қоршаған ортаның барлық объектілері өздерінің қасиеттерімен сипатталады. Үдерістер мен физикалық денелердің түрлі қасиеттерін сандық сипаттау үшін шама түсінігі енгізілген. Шама - басқа қасиеттердің ішінен ерекшеленетін және белгілі бір әдіспен бағаланатын белгілі бір нәрсенің қасиеті.
Шамаларды талдау оларды екі түрге бөлуге мүмкіндік береді: шынайы және идеалды.
Идеалды шамалар негізінен математика саласына байланысты болады және нақты шынайы түсініктердің жалпы түрі болып табылады.Шынайы шамаларды, өз кезегінде, физикалық және физикалық емес, өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.
• Физикалық шама деп көптеген физикалық объекттер үшін сапалың тұрғыда ортаң болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі аталады. Осылайша, «қаттылық» қасиеті сапалық тұрғыда болат, ағаш, шыны сияқты материалды сипаттайды, ал қаттылық дәрежесі (сандық мәні) - олардың әрқайсысы үшін әр түрлі шама.
• Физикалық емес шамалар деп қоғамдың ғылымдарға қатысты шамалар аталады. Мысалы, философия, социология, экономика және т.б. салаларда қолданылатын шамалар.
Физикалық шамаларды өлшенетін және бағаланатын деп бөледі. Өлшенетін шамаларды сапалық және сандық қасиеттері бойынша сипаттайды, олардың сандық айырмашылығының көрінісі затқа, жүйеге, құбылысқа немесе үдеріске тән шаманың мөлшерлік анықтамасы ҚР СТ 2.1 бойынша - өлшемдік жатады.
Бағаланатын физикалық шамаларды сандық түрде белгіленген өлшем бірліктерінің (масса, күш, кернеу және т.б.) белгілі сан түрінде өрнектеуге болады.
...