Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Айырғыштардың жіктелуі және конструкциясы

Автор:   •  Февраль 13, 2018  •  Реферат  •  6,301 Слов (26 Страниц)  •  2,460 Просмотры

Страница 1 из 26

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................

4

1.Теориялық бөлім...........................................................................................

5

1.1.Айырғыштардың жіктелуі және конструкциясы...................................

5

1.2. Айырғыштарды таңдау принципі...........................................................

7

1.3. Айыру қондырғылары.............................................................................

9

1.4. Газды айырғыштардың негізгі түрлері және олардың мұнайгазды айырғыштардан айырмашылығы..................................................................

14

2.Есептеу бөлімі..............................................................................................

16

2.1.Бірінші сатылы мұнай-газ айырғышындағы газдың айырылуын    

есептеу.............................................................................................................

16

2.2.Айырғыштың газ ағынын есептеу............................................................

16

2.3 Айырғыштың өткізгіштік қабілетін есептеу...........................................

17

2.4 Айырғышқа газ бойынша түсетін жүктемені анықтау..........................

17

Қорытынды.......................................................................................................

24

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

25

Кіріспе

        Мұнай газ айырғыштары ұңғы өнімдерін сұйықты және газды фазаларға бөлуге арналған. Қолданыстағы барлық мұнай газ айырғыштарына байланысты өлшеуші және айырушы болып бөлінеді. Геометриялық пішініне және кеңістіктегі орналасуы бойынша: цилиндрлік, сфералық, тік, көлденең және көлбеу болып келеді. Ал  негізгі байқалу сипатына байланысты гравитациялық, инерциялық және ортадан тепкіш болып келсе, жұмыстың қысымына байланысты жоғарғы қысымды 6,4 МПа, орташа қысымды 2,5 МПа және төмен қысымда 0,6 МПа, технологиялық міндетіне байланысты екі және үш фазалы болып бөлінеді. Тік айырғыштарды негізінен шығымы аз, ұңғылары бар, мұнай кен орындарын тұрғызу кезінде және ұңғы өнімінің құрамында едәуір мөлшерде парафинмен құм болғанда, сондай-ақ теңіз кен орындарында қолданады.

        Көлденең айырғыштар бірдей геометриялық тік айырғыштармен салыстырғанда, тік өткізгіш болады, бұл айыру сапасын жақсартады, қызмет көрсетуді жеңілдетеді. Сондықтан көлденең айырғыштар тік айықғыштарға қарағанда кең тараған.

Бір сыйымдылықты көлденең айырғыштарды ыстық және вакуумдық айырғыштарға есептегенде барлық айыру сатыларында қолданады. Ал екі сыйымдылықты көлденең айырғыштарды негізінен спутник түріндегі блокты автоматтандырылған қондырғыларды жабдықтау үшін қолданады.

Мұнай-газ айырғыштары мынадай қызметтерді атқарады:

  1. Бағалы химиялық шикізат және отын ретінде қолдану мақсатында сұйық шығару желісінде және коллектор  бойымен мұнай қозғалған кезде одан бөлінген мұнай газды алу.
  2. Мұнай-газ  су ағынының араласуын азайту және құбырлар желісіндегі гидравликалық кедергіні азайту.
  3. Пайда болған көбіктерді мұнайдан бөлу және ыдырату.
  4. Тұрақсыз эмульсияларды немесе құбырлар желісінде бұзылған эмульсияларды өндіру кезінде мұнайдан суды алдын ала бөлу.
  5. Мұнайды айырғыштардың бірінші сатысынан мұнайды дайындау қондырғысына дейін тасымалдау барысында қысымдарды азайту.

Конструкциясы жақсы қарастырылған айырғыштарда 1000 айырылған газда шаққанда газ ағынына ілесетін сұйықтың мөлшері 15 -тан аспайды. [pic 1][pic 2]

        Айырғыштың тиімділігі газсыздандыру есебінен айырғыштағы мұнайды шөгу дәрежесін және сәйкесінше ондағы газдың ұлғаюын сипаттайды.

1 Теориялық бөлім

1.1 Айырғыштардың жіктелуі және конструкциясы

Айыру (сепарация) – фазаларды бөлу, мұнай ұңғыларының өнімдерін газды және сұйық (мұнай, су) фазаларына бөлу процесі.

Сепаратор–қатты немесе сұйық заттарды, минералдық шикізаттардың түрбөлшектерін жеке-жеке бөлетін, сұйық және газ тәрізді орталардан және қос фазалы көбіктерден газды, қатты немесе сұйық бөлшектерді аластайтын аппарат. Газ және газ-конденсат ұңғыларының өнімдерін ылғалдан, қатты бөлшектерден және т.б. тазарту, мұнай кәсіпшіліктерінде мұнай газын мұнайдан бөліп алу үшін қолданылады.

...

Скачать:   txt (73.6 Kb)   pdf (465.2 Kb)   docx (182.4 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club