Тұтынушының физикалық және менталды мінездемесі
Автор: ad0k1ng • Декабрь 22, 2017 • Реферат • 1,421 Слов (6 Страниц) • 2,083 Просмотры
[pic 1]
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
[pic 2]
Тақырыбы: Адам – компьютер өзара әрекеттестігі
Орындаған:Рақымбай Ә.
Қабылдаған:Омарбаева
Алматы 2017ж
ЖОСПАР
1) Интерфейс туралы түсінік
2) Тұтынушылық интерфейс
3) Интерфейс түрлері
4) Тұтынушының физикалық және менталды мінездемесі
5) Интерфейсті тестілеу түрлері
6) Юзабилити түсінігі
Интерфейс түсінігі
Жалпы интерфейс түсінігі ағылшынша interface - бөлiмнiң бетi, қалқа деген сөзіннен алынған. Яғни жүйе элементтерінiң арасындағы өзара әрекеттесулердің әдіс ережелері мен құралдарының жиынтығы.Ақпаратты кескіндеу түрі-машина мен адам арасында диалог жүргізу болып табылады.
Интерфейс - екі функционалдық объектілер арасындағы жалпы шекара , оларға қойылатын талаптар -стандартты ; жүйенің элементтері арасындағы өзара әрекеттесудің (басқару, бақылау және т.б.) құралдары, әдістері мен ережелері .
Мысалы: дисплей, баптауға арналған түймелер жиынтығы және қосқыштар сияқты электронды аппаратураның элементтері (теледидар, автокөлік радиосы, сағат және т.б.), сондай-ақ оларды басқарудың ережелері адам-машиналық интерфейске қатысты;пернетақта, тінтуір және т.б. енгізу құрылғылары - адам-компьютер интерфейсінің элементтері.
Тұтынушылық интерфейс/ Пайдаланушы интерфейсі - типі бойынша ( яғни тұтынушының ақпараттық және есептегіш ресурстарға қол жету мүмкіндігі көзқарасынан туындайды) (Интерфейс пользователя (пользовательский интерфейс); (user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды.
Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері бар. Оларды мынадай ерекшеліктерін қарап атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы: тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану. тұтынушының ақпараттық және есептегіш ресурстарға қол жету мүмкіндігі көзқарасынан туындайды
Пайдаланушының (тұтынушының) нөмірі немесе ұқсастырғышы (Номер или идентификатор пользователя; user number, user ID) — желіде жұмыс істеуші адамға алдын ала ұсынылып, желіге қосылған кезде оны ұқсастыруға (есепке алуға, өзгелерден бөлуге, тануға) пайдаланылатын нөмір немесе символдар тіркесі.
Интерфейстің негізгі түрлері:
Командалық интерфейс . Командалық интерфейс деп аталу себебі
интерфейстің бұл түрінде адам компьютерге "команда" береді, ал компьютер оны орындап, нәтижесін адамға береді . Командалық интерфейс пакетті технологиямен командалық жол технологиясы түрінде іске асырылған.
WIMP – интерфейс (Window - әйнек, Image - бейне, Menu - меню, Pointer - көрсеткіш). Бұл интерфейсті ң мінездемелі ерекшелігі диалогты пайдаланушымен команда арқылы емес, тек графикалық бейнелердің – меню, әйнек, және тағы басқа элементтердің көмегімен басқарылуы. Бұл интерфейсте де команда мащинаға беріледі, бірақ ол
графикалық бейне арқылы жүзеге асырылады. . Бұл интерфейс екі технологияда, жай графикалық интерфейс және ”таза” WIMP – интерфейс түрінде іске асырылады.
SILK - интерфейс (Speech - сөйлеу, Image - бейне, Language - тіл, Knowlege - білім). Бұл интерфейсті ң т үрі әдеттегі,адамдар қатынасының түріне жақын. Бұл интерфейс бойында әдеттегі адам мен компьютер арасындағы "әңгіме" жүреді. Сондай-ақ ол командалардың орындалу нәтижесін адамға мәлімді түрде қайта құрайды. Бұл интерфейстің түрі көбінесе компьютер ақпараттық қорларына қажеттірек, сондықтан оны әскери мақсаттарда қолданады.
...