Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химиялық кинетика және катализ. Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі

Автор:   •  Март 6, 2018  •  Контрольная работа  •  3,231 Слов (13 Страниц)  •  2,752 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ  МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

  «Қаралды»                                                                                «Бекітемін»

№3 ЦӘК  отырысы                                                                Директордың оқу ісі

Хаттама №__________                                                         жөніндегі орынбасары

_______ Кенжегалиева Г.Ш.                                                _________ Р.А.Бахитова «___»__________ 2015 ж.                                                     «___»__________ 2015 ж.

ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ДӘРІС

                                             

Тақырыбы:  Химиялық кинетика және катализ. Химиялық  реакциялардың  

                     кинетикалық жіктелуі

Пән:                             Химия  

Мамандығы:             0301000 - «Емдеу ісі»

Курс:                           2  

Дайындаған:  химия және биология пәнінің оқытушысы   Куанова И.А.

Тақырыбы: Химиялық кинетика және катализ. Химиялық  реакциялардың  

                     кинетикалық жіктелуі

Мақсаты: Химиялық және ферменттік катализ, биохимиялық реакциялардың кинетикасы туралы түсініктерді қалыптастыру.

Дәрістің  оқулық жоспары:

  1. Кинетика туралы жалпы түсінік.
  2. Химиялық реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрацияларының әсері. Әрекеттесуші массалар заңы.
  3. Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі.
  4. Катализаторлар. Катализ.
  5. Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі.
  6. Ферменттер және олардың құрылысы туралы жалпы түсінік. Ферменттердің биологиялық маңызы.
  7. Ферменттік реакциялардың кинетикалық теңдеуі.

Дәріс тезистері.

  1. Химиялық реакциялар жылдамдығы

Химиялық кинетика – химиялық реакцияның жылдамдығын және әртүрлі факторлардың әсерін , реакцияның жүру механизмін зерттейді.

Химиялық реакцияның жылдамдығы  дегеніміз белгілі бір уақытта әрекеттесетін заттар мөлшерінің өзгеруін айтады. Мысалы:белгілі бір уақыт аралығында ∆t = t2 - t1 болғанда,әрекеттесуші заттардың концентрациясы да өзгереді, яғни кемиді:

∆С=С12. Сонда химиялық реакцияның орташа жылдамдығы ∆ t уақыт аралығында

υорташа= - [pic 1][pic 2] тең болады.

Әрекеттесуші заттардың концентрациясын, әдетте ерітіндінің белгілі бір көлемінде еріген заттың моль санымен көрсетеді (моль/л), ал уақытты сек. не мин. көрсетеді. Химиялық реакция жылдамдығын реакцияға қатысушы заттардың бірінің концентрациясының азаюы арқылы көрсетуге болады ([pic 3][pic 4] 0). Реакцияның орташа жылдамдығын әрекеттесуші заттың концентрациясының шексіз өзгеруінің ең шексіз кішкене уақыт аралығына қатынасы өлшемімен көрсетеді:

υ = ±[pic 5][pic 6]

Химиялық реакция жылдамдығы реакцияға қатысқан заттардың табиғатына, (еріткіштің табиғатына) реагенттердің концентрациясына, температураға және катализатордың қатысу қатынаспауына тікелей тәуелді болады. Реакцияға қатысатын заттардың агрегаттық күйіне байланысты химиялық реакция гомогендік және гетерогендік болып екі топқа бөлінеді. Әрекеттесетін және түзілетін заттар бірдей агрегаттық күйде болатын химиялық реакция гомогендік деп, ал қатысатын не түзілетін заттардың агрегаттық күйі әртүрлі болатын реакцияны гетерогенді деп атайды.

Гомогендік реакция, гетерогендік реакцияға қарағанда  жылдамырақ жүреді. Гетерогендік реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың жанасу беткейінің көлеміне, дисперсиялық дәрежесіне тікелей байланысты. Егер әрекеттесуші заттар газ күйінде болса, химиялық реакцияның жылдамдығы қысымға тікелей байланысты болады, себебі қысымның өзгеруіне байланысты әрекеттесуші заттардың концентрациясы да өзгереді. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы химиялық реакция жылдамдығына қалай әсер етеді?

Химиялық реакция жүру үшін әрекеттесуші заттардың молекулалары бірімен-бірі соқтығысулары қажет. Бірақ әрбір соқтығысқан сайын бөлшектер әрекеттесе бермейді.

...

Скачать:   txt (31.7 Kb)   pdf (434 Kb)   docx (596.5 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club