Автономды тартымды жылжымалы құрам.Тепловоздардың неізгі техникалық сипаттамалыры мен жіктелуі. Маневр тепловоздардың талаптары
Автор: tvar102 • Март 15, 2018 • Реферат • 2,879 Слов (12 Страниц) • 2,177 Просмотры
«М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЛАР
АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
АҚТӨБЕ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Автономды тартымды жылжымалы құрам.Тепловоздардың неізгі техникалық сипаттамалыры мен жіктелуі. Маневр тепловоздардың талаптары.
Дайындаған: Оңдасынова Ә
Тексерген: Досалиева Э
Автономды тартымды жылжымалы құрам.Тепловоздардың неізгі техникалық
сипаттамалыры мен жіктелуі. Маневр тепловоздардың талаптары.
Өзінің қызметіне байланысты тепловоздар жүк,жолаушы және маневр жұмыстарын атқарандар болып бөлінеді.Тепловоздың негізгі бөліктеріне:қозғалтқыш,беріліс, шанақ,экипаж және қосымша жабдықтар жатады.Тепловоз да дизиль қозғалтқыш болып табылады.Тепловоздың қос доңғалағын айналдыру үшін дезильдің білігінен арнайы беріліс болу керек.Егер тепловоздың дизилін айналма біліктеріне тікелей қосса,онда қозғалтқыш іске қосу да,жүргізу де қиынға соғад.Сонымен қатар дизильдің білігінен айналу жылдамдығы,демек,оның қуаты тепловоздардың жүріс жылдамдығына тура пропарционалды, сондықтан дизельдің толық қуаты ең жоғарғы жылдамдығында ғана, алынуы мүмін болар еді.Көмекші жабдықтарға отын,майлау және салқындату жүйелері т.с.с жатады. Бірінші топта екі ырғақтылы дизельдер, тұрақты тоқтың электр берілісі, челюсты арбашықтары, көмекші агрегаттардың механикалық жетегі, шанақтың жақтауша құрылымы. Қуаттылығы 2х1470 кВт, ТЭ3 сериялы екі секциялы тепловозында бір қатарда түратын бір-біріне қарсы қозғаталын піспекті, екі ырғақтылы 10-цилиндрлі дизель пайдаланылған. Бұл дизельдің негізінде 2ТЭ10Л, 2ТЭ10В, 2ТЭ10М, 2ТЭ10У тепловоздарына орнатылатын, қуаттылығы 2206 кВт құрайтын қозғалтқыш құрастырылып шығарылған. Қуатының артуына екісатылы үрмелеу арқасында қол жеткізілген. Бірінші қысу фазасы екі қатарлас жұмыс істейтін дербес турбосығымдағыштарда пайда болады, екіншісі – жетектегіш ортадан тепкіш сықағышында. Дизельдің ауа ресиверінде бару алдында, ауа, қатар қосылған екі ауа салқындатқышында салқындатылады.
М62 және ТЭП60 тепловоздарында V-түрлі Д40 типті екі ырғықтылы, екі сатылы үрмелеулі дизель пайдаланылады. Қысудың бірінші сатысы – екі қатарлас жұмыс істейтін турбо сығымдағыш, екіншісі – 14Д40 (М62) дизельдерінде – жетекті көлемді сықағыш, ал 11Д45 (ТЭП60) дизельдерінде – жетек ортадан тепкіш. Бұл дизель типтері тепловоз және кеме құрылыстарында кеңінен пайдаланылған. Оның металлсыйымдылығы аз, дайындау, кызмет көрсету мен жөндеуде де қарапайым.
Д100 типті дизеліндегіндей, Д40 дизеліндегі тұрақты ток генераторы жалпы дизель астындағы қанқасында орнатылып, дизельдің иінгі білігімен тілімшелі жалғастырғышпен қосылады. ТЭ3 тепловозында өзі желдететін желдеткішті бар генератор пайдаланылған, ал осы топтағы басқа тепловоздарында – күш пайдаланып желдететін желдеткіші бар генератор. Тепловоздың салқындатқыш желдеткіші дизельден екі тәртіпті (жазғы және қысқы) гидроредукторы мен фрикционды жалғастырғыш арқылы іске қосылады, ал тежегіш сығымдағыш – дизель білігінен. Тепловоз шанағы – жабық түрлі көтергіш рамалы. Челюсты арбашық теңгергіш серіппегіштік ілінумен қамтылған, ТЭ3, 2ТЭ10Л, 2ТЭ10В, М62, 2М62, ТЭМ2 типтес тепловоздарына бірыңғайландырылған.
2ТЭ10В тепловозының негізінде құрастырылған 2ТЭ10М тепловозының құрылысында ілгерішіл шешімдер пайдаланылған: жоғарыланған осьтік жүктелімге арналған жеке серіппегіштік ілінумен қамтылған челюссыз арбашық, серпімді жетек тістегершікпен қамтылған тартым берілісі, 2ТЭ116 сериялы тепловозында пайдаланылатын бейімделген машинист кабинасы. Тепловоздың электр тартым сызбасында тартым генераторының қатты динамикалық сипаттамалары және дизель-генераторды баптауда дизельдің үнемдеу сипаттамасы пайдаланылған.
...