Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сызықтық емес регрессияның модельдері, оларың жіктелуі

Автор:   •  Февраль 26, 2018  •  Курсовая работа  •  8,673 Слов (35 Страниц)  •  1,789 Просмотры

Страница 1 из 35

    Кіріспе

    Қазіргі қоғамның мәдениеті, білімділігі, ой өрісі және ой жүйесі дамыған кезеңде халық шаруашылығы кәсіпорындарының қандай түрі болса да, оның экономикасын ұтымды басқаруда математикалық әдістер мен компьютерді кеңінен қолдану қажеттігі әркімге белгілі.

Математиканың экономикада және басқа ғылымдарда кеңінен қолданылуы, осы ілімнің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Егер оның осы ерекшелігі түбегейлі экономикалық талдаумен бірге алына отырып пайдаланса, онда өндірістік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда және басқаруда, яғни әр істен ұтымды табыс табу жолдарында математикалық әдістемелерді қолдану – бүгінгі таңдағы ең қажетті істердің бірі.

Экономикалық жүйелердің әртүрлі деңгейлерде кездетін жоспарлау,басқару, шектелген ресурстарды бөлу, өндірістік процестерді талдау, күрделі объектілерді жобалау сияқты есептердің ұтымды және оптимизациялық шешімдерін табу – табиғи және ғылыми – техникалық прогресс қажеттіліктерінен туған мәселе.

Экономикада қолданылатын математикалық әдістердің жиынын белгілеу үшін әртүрлі атаулар қолданылады. Эконометрика немесе эконометрия – экономикалық заңдардың тәжіребиелік нәтижелеріне негізделген ғылым.

Эконометрика, салыстырмалы түрде алғанда, ғылымның жаңа саласының бірі. Бұл ғылым 1930 жылы пайда болды. Осы жылы эконометрикалық қоғам негізі қаланып, «Экономикалық теорияның математика мен статистикаға байланысты дамуы» деп аталды.

Соңғы оңжылдықта эконометрика ғылыми пән ретінде жоғарғы қарқынмен дамып келе жатыр. Қазір математикалық әдіс экономика тілінің басты құралы болып тұр. Осы процестердің дамуы ретінде эконометрика ғылымының тез қарқынмен дамуы болды. Оның қолдану аясының кеңейуі және шығару құралдарының жетілдіруі дамытылуда.

 Қазіргі кезде эконометрика пәнінің ғылыми ортада ортақ анықтамасы жоқ. Мысалға, И.Фишер эконометрикаға мынадай анықтама береді. « Эконометрика – бұл экономика ғылымының бөлімі. Ол экономикалық айнымалылардың арақатынасың математикалық – статистика әдісі арқылы шешеді ». Ал Ц.Грихилес эконометриканы экономиканың құрал – жабдықтары жиынтығы деп қарастырды. Бірақ ғалымдардың арасында эконометрикаға ең толық анықтама берген Нобель сыйлығынын иегері, көрнекті норвегиялық статистик Рангар Фришт болып табылады. Ол «Эконометрика» журналында былай деп жазған: «Эконометрика – бұл тек экономикалық – статистика емес. Оның экономикалық мәні сандық мағынада болса да, ол экономикалық теорияға ұқсамайды. Статистика, математика және экономикалық теорияны бөлектен алсақ ол, эконометриканың экономикалық мәнді ашпайды. Олар тек бірігіп ғана эконометриканы құрайды.»

Осы анықтамаларды жалпы бір оймен тұжырымдаса, онда ол:

Эконометрика – ол математикалық – статистикалық әдісті қолданып, экономикалық объектілермен процесстердің сандық мағынасының арақатынасын білдіреді - деп айтуға болады.

Экономикалық әдістердің ерекшеліктері. Эконометрика ғылымымен бірінші рет танысқанда, ол экономикалық мәнде білдірілген математикалық – статистикалық әдіс болып көрінуі мүмкін. Бастапқы кезде мүмкін эконометрика математикалық – статистикалық әдістің бір түрі болған шығар. Алайда өзінің даму кезінде және қазіргі уақытта эконометрика өзінің жеке әдістерің қалыптастырды. Эконометриканың ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ оның ерекшеліктері мәлеметтерді зерттеудің қиындықтарынан басталады. Ақпарат толық болмауы мүмкін, мәліметтердің агрегатталуы қате нәтижеге алып баруы мүмкін. Эконометрикалық өлшемдердің тағы бір ерекшелігі оның әртүрлі көп мәләметтердің болуында. Мәліметтердің бұндай әртүрлігі, олардың дәлдігі мен сенімділігін төмендетеді.

Экономикалық тәсілдердің келесі ерекшелігі оның экономикалық айнымалыларында. Байланыс механизмі әдетте жабық болады, сондықтан ол кейде жалған корреляцияға алып келуі мүмкін. Жалған корреляция кезінде айнымалылардың бір-біріне тура немесе жанама әсері болмайды.

Экономикалық модельге сәйкес зерттелетін эконометрикалық  процестер:

  • макроэкономикалық проблемалар;
  • микроэкономикалық процестер;
  • аймақтың, экономиканың әртүрлі экономикалық проблемалары.

Келешекте нарық жүйесінде, бизнесте халық шаруашылығының кез келген саласының маманы эконометрикалық модельдеу әдістемесін өзінің күнделікте ісіне қолдана білуге тиіс.

Сонымен нарықтық экономикаға көшуде тиімді экономикалық варианттарды таңдаудың әдістерін, яғни оның эконометрикалық аппаратын, соның ішінде математикалық – статистика және басқа қолданбалы математика әдістерін жақсы меңгерген мамандар дайындау – өте маңызды іс.

...

Скачать:   txt (53.7 Kb)   pdf (867 Kb)   docx (328.3 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club