Ет және ет өнімдері технологиясы
Автор: Samal0333333333 • Апрель 21, 2022 • Эссе • 4,719 Слов (19 Страниц) • 317 Просмотры
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУСРТАР» факультеті
«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Ет және ет өнімдері технологиясы
Орындаған:Тұрсын С
Тобы: ТПП-311
Қабылдаған: Нуркадырова И
Алматы,2022
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Жануарлар етінің түрлері
- Жануарлар етінің химиялық құрамы
- Малдарды сою әдістері
- Субөнімдерді өңдеу технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Әлемдік ет нарығының басым бөлігі шошқа, ірі қара, құс және қой еттерінен құралған. Әлемдік ет өндірісінде 39% шошқа етінен тұрады. Қой етіне 25%, құс етіне 29%, қой мен ешкі еттері 5%, ал басқа еттер үлесі 2% шамасын құрайды. Өткен ғасырдың 80 жылдарының орта кездерінен бастап әлемдік ет нарығы жоғары қарқынмен дами бастады. Тағам өнімдерінің арзандауы, урбанизация әсері мен жалпы халықтың әл ауқатының өсуі, етке деген сұраныстың артуын тудырып, ал ол өз кезегінде осы саланың дамуы мен нарықтағы үлесін арттыра түсті. ФАО мәліметі бойынша әлемдік ет өндірісі қарқыны 2015 жылы 1,3% артып 318, 7 млн. тоннаны құрады. Ең жоғарғы өсімҚытайда, Евроодақта (ЕО), АҚШ-та және Бразилияда тіркелген. Алайда соңғы кездердегі кейбір мал ауруларының бел алуына байланысты, әлемдік етөндірісі қарқынының біршама төмендей бастағаны байқалады. Жахандағы ең ірі ет өндірушілері қатарында Қытай, ЕО (ЕС) және АҚШбар және бұлардың үлесіне әлемдік ет өндірісінің тиісінше 24%, 17% және 16%тиесілі. Қазіргі кездері ет өндірісінің артуы негізінен дамушы елдер тарапынан қамтамасыз етілуде және олардың үлесі 50% астамын құрайды. Ет нарығының дамуында болашағы зор ел қатарында Латын Америкасы елдері аталады. Себебіарзан жұмыс күші, жемшөп қорының молдығы мен климаттың жайлы болуы,мал шаруашылығының жақсы дамуына жағдай туғызады.Әлемде әр адамға шаққандағы ет тұтынуы 35 кг артығырақ келеді. Әрелдерде ет түрлерін тұтыну бойынша айырмашылықтар өте үлкен. МысалыАҚШ-да бірінші орында ірі қара еті– 37,5% тұтынылса, кезегінше құс еті -35,5%, шошқа - 26,5%, қой еті -0,5% құрайды. Еуропа халқының басым бөлігі шошқа етін – 49%, ірі қара – 24%, құс еті - 22% және қой етін - 5% пайдаланады. Бразилияда ірі қара – 50%, құс еті - 35% және шошқа – 15% көлемінде тұтынылады.2003 жылы әлемдегі ірі қара етінің өндірісі 49,7 млн. тоннаны құрады. Ең көп ет өндіру АҚШ – 12043 мың.т., Бразилияда - 7385 мың.т. және ЕО (ЕС) - 7300 мың.т. болды. Алайда ірі қара еті өндірісі жоғарыда айтылғандай мал ауруының туындауы себепті тұрақты деңгейде сақталмай тұр. 1996-2003 жж аралығында ет нарығы (сатылымы) 29% дейін өсіп, 6,4 млн. тоннаға жетті. Ірі қара етінің ірі экспортері ретінде Австралия мемлекеті танымал. Негізгі тұтынушы ел АҚШ 2003 ж. 1,3 млн.т. ет импорттаған. Бразилияда 2003 жылы ірі қара етінің өндірісі 7,4 млн. тоннаға жетті. 2002 жылы эксперттер тарапынан бұл елдің кейбір аймақтарының аусыл ауруынан таза деп танылуы, ет өнімдерін Еуропа елдері нарығына көптеп шығарылып, Мысыр, Ресей және Қытай елдері нарығын да бағындыра бастаған.
...