Сумен қамтамасыз ету көздері жəне олардың сипаттамасы
Автор: gulsimtamenova • Сентябрь 12, 2018 • Реферат • 669 Слов (3 Страниц) • 1,829 Просмотры
1. Сумен қамтамасыз ету көздері жəне олардың сипаттамасы
Елді мекендерді жəне кəсіпорындарды сумен қамтамасыз ету жүйелерінде табиғи су көздерін дұрыс таңдау өте жауапты жəне күрделі мəселе. Өйткені, ол тек жүйе жұмысы мен сапасына ғана емес, сонымен қатар оның құрамындағы ғимараттар санына,экономикалық көрсеткіштеріне əсер етеді. Осы салада пайдалануға болатын табиғи су көздері екі топқа бөлінеді - жер үсті жəне жер асты су көздері.Біріншісіне негізінен өзен, көлдер, су қоймалары, ал екіншісіне - тегеурінді жəне тегеурінсіз жер асты су қабаттары жатады. Ауыз су жəне тұрмыстық қажеттіліктерге арналған жүйелерде жер асты су көздерін пайдалану тиімді.Өйткені,олар сапасы жағынан қойылатын талаптарға 9 негізгі көрсеткіштерімен сай келеді. Егер жер асты суларын əртүрлі себептермен игеру мүмкін болмаса, онда жер үсті су көздері қолданылады. Су көздерінің екі түріде бір-бірімен тікелей байланыста болады.Себебі, жер асты суларының пайда болуына жаңбыр жəне ағын сулар көлемі тікелей қатысты. Таңдалған су көзі елді мекенді тұрақты түрде сумен қамтамасыз етуге жарамды болуға тиіс.Жазда құрғап, ал қыста қатып қалатын су көздері сумен қамту жүйелерінде жарамсыз деп есептеледі. Қабылданған су көздері келесі талаптарға жауап берулері керек: -су мөлшері елді мекеннің алдағы уақыттағы дамуын қамтамасыз етуі; -суды тұрақты жəне сапалы түрде бере алу жағдайы; -мекен жайға суды техникалық жəне экономикалық тұрғыдан тиімді жолдармен жеткізе алу мүмкіндігі. Табиғи су көздерін қарастырғанда, олардың тек қазіргі уақыттағы сапасын білумен қатар,алдағы уақыттағы жағдайы мен сипатының өзгеретінін де ескерген жөн.Таңдаған кезде гидрологиялық сипаттамасы,ең төменгі жəне орташа су ағымы, қажеттілікке сəйкестігі, санитарлық жағдайы, өндірістік, ауылшаруашылық кəсіпорындарға таяу орналасқандығы ескеріледі. Жер асты су көздері, əсіресе бұлақ пен артезиан сулары мөлдір жəне таза болады, температурасы тұрақты, бактериялар кездеспейді.Оларды таңдаған кезде гидрогеологиялық сипаттамалары, су өткізгіштік мүмкіндігі, қажеттілікке сəйкестігі, су беру аймағы мен оның санитарлық талаптарға жауап беретіндігі қарастырылады. Ғимарат орнын таңдаған кезде ағын судың тереңдігі,санитарлық талаптарға сəйкестігі,тұрақты түрде су бере алу мүмкіндігі,су транспорты мен балық қорғау талаптары, гидрологиялық, топографиялық сипаттамалары ескеріледі. Таңдап алынған участкелердің жергілікті жағдайлары жеңіл, орташа, ауыр жəне өте ауыр болып үш категорияға бөлінеді. Олардың негізгі сипаттамалары келесі кестеде келтірілген (1.1-ші кесте) Ғимараттың елді мекеннен алыс орналаспауы, судың тазалығы жəне мұз қатуының аз болуы қарастырылуы қажет.
...