Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Герман фашизмі: идеологиясы және әрекет ету әдістері

Автор:   •  Март 23, 2018  •  Дипломная работа  •  11,617 Слов (47 Страниц)  •  1,052 Просмотры

Страница 1 из 47

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Диплом жұмысы

«Герман фашизмі: идеологиясы және әрекет ету әдістері»

Ақтөбе - 2006

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................3-6

І. Фашистік идеология...........................................................................7-29

1.1 Нацистік идеологияның негізгі элементтері.................................7-18

1.2 Фашистік үгіт-насихат................................................................... 19-29

ІІ. Террорлық фашистік аппарат және оның қызметі........................30-44

2.1 Жазалаушы органдар және олардың әрекет ету әдістері............30-41

2.2 Еврей тұрғындарына қатысты террорлық саясат.........................42-49

Қорытынды............................................................................................50-52

Пайдаланылған деректер тізімі...........................................................53-55

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Фашизм тарихын, соның ішінде герман фашизмін зерттеп-білу ғалымдарды ерекше қызықтыратын. Фашизмнің идеологиялық және методологиялық негізі туралы сұрақ күні бүгінге дейін шиеленісіп, қарама-қайшылықты мәселе болып отыр. Фашизм, тарихи құбылыс ретінде пікірталас тудырып отырған мәселе болып табылады. Фашизм идеясын терең зерттеу қажеттілігі оның болашақта қайта туындамауы үшін маңызды. Германиядағы ұлттық-социализмнің қалыптасуын зерттеу арқылы фашистік тоталитарлық диктатурасының қалыптасу жолы мен әрекеттерін бақылауға мүмкіндік аламыз.

        30-40 жж. Германиядағы фашизмнің көрінісін қашанда адамдардың есіне түсіріп отыру керек.

        Фашизм модифицировалық түрде болса да қазіргі заман құбылысы болып табылатындықтан, өзінің  қаупін төндіреді. Сондықтан да оны біржолата жою үшін фашизмнің идеялық және саяси арсеналын, оның әлсіз және күшті жақтарын білу қажет.

        Мәселенің зерттелу деңгейі. Герман фашизмінің идеологиялық жәе методологиялық негізі кеңестік, ресейлік және шетел тарихшыларымен зерттелді. Кеңестік кезең авторларының еңбектері партиялық құжаттарға сүйенетіндіктен, берілген мәселенің объективтік және субъективтік жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.

        А.А. Галкин, Д.Е. Мельников, Л.Б. Черная, В. Краль, Н. Конан, У. Ширер және А.С. Бланк еңбектерінде фашистік идеологияның ерекшеліктері зерттелген. Бұл авторлар өз еңбектерінде герман фашизмінің әлеуметтік түп-тамыры мен пайда болуының тарихи-әлеуметтік анализін, оның идеологиясын ашып көрсетеді. Белгілі тарихшы және әлеуметтанушы А.А. Галкиннің еңбегі [1] - герман фашизмін зерттеудегі маңызды еңбектің бірі болып саналады. Ол бірқатар мәселелер шеңберін, яғни фашизмнің генезисі, социологиясы, экономикасы,  саясаты және идеологиясын қарастырады. Д.Е. Мельников және Л.Б. Черная [2] еңбегінде фашизммен қалыптастырылған өкіметтің спецификалық механизміне және мемлекеттік-саяси тәжірибеге талдау жасалған. Әсіресе, басты көңіл фашизмнің әлеуметтік базасына аударылған. Осы  Д.Е. Мельников пен Л.Б. Чернаяның  [3] тағы да бір бірлесіп шығарған еңбегінде фашистік қызметтің әдістеріне нақты талдау жасалған. Кітапта гитлерліктердің жаулап алынған территорияларда істеген жауыз әрекеттері мен бейбіт халықты атқаны туралы айтылады.

        Фашизм тарихына байланысты тарихнама өте көлемді. Көбінесе кеңестік және ресейлік ғалымдар еңбектерінде басты көңіл күштеу мен террорға әрекеттенген фашистік аппарат пен фюрердің жек тұлғасына аударылған. Үгіт-насихат пен ұлтшылдық идеологиясы әлі де болса толық зерттеу мен талдауды қажет етеді. Осы мақсатта бұл тақырып зерттеу объектісі ретінде алынды.

        Зеттеудің мақсат-міндеттері. Берілген диплом жұмысының мақсаты ұлтшылдық идеологиясының құрамды элементтеріне анализ жасау, фашистік жазалау механизміі СА, СС, СД, гестапо және оның қызметі әдістерін зерттеп-білу.

...

Скачать:   txt (163.2 Kb)   pdf (617.4 Kb)   docx (58.6 Kb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club