Астық және астық өнімдері –тағамның негізгі көзі
Автор: фариза Кошжанова • Февраль 26, 2018 • Реферат • 2,871 Слов (12 Страниц) • 2,023 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
АГРОНОМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН КАФЕДРАСЫ»
СӨЖ
Тақырыбы:Астық және астық өнімдері –тағамның негізгі көзі.
Тексерган:Базарбаев Б.Б.
Орындаған:Кошжанова Ф.
Астана,2017
Жоспар:
1. Өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасына әсер ететін түрткіжайтттар (факторлар).
2. Сақтау кезеңінде астық пен тұқым шығындары
3.Курстың даму тарихы
4. Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері
5.Пайдаланылған әдебиеттер.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасына әсер ететін түрткіжайтттар (факторлар).
Ауыл шаруашылығы негізгі тағамдық өнімдерді, сонымен бірге халық тұтынатын тауарларды шығаратын тамақ және жеңіл өнеркәсіптің кейбір салаларына шикізат өндіреді. Аталған өнімдердің саны мен сапасына, олардың ассортиментінің әртүрлілігіне көп жағдайда адамның денсаулығы, жұмысқа қабілеттілігі мен көңіл-күйі тәуелді. Сондықтан елімізде жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің молшылығын жасау – қоғамның даму шарттарының бірі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттырумен қатар олардың сапасын жақсарту және соған сәйкес жоғары сапалы өнімді мемлекетке сатуда экономикалық көтермелеу мәселелері қойылып отыр. Өнімдердің тағамдық құндылығын арттыру дүние жүзінде азық-түлік тапшылығын азайтудың бір жолы ретінде қарастырылуда. Сапалы шикізатты қайта өңдегенде жақсы сападағы өнім немесе бұйымдардың шығымы артады, тауарлардың ассортиментін кеңейту мүмкіндігі туындайды.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін мемлекетке сатудан шаруашылықтар қосымша табыс табады. Алайда шаруашылықтар басшылары мен мамандары өндірілетін өнім сапасын арттыру есебінен қосымша қаражат табу мүмкіндігін ылғи пайдалана бермейді. Оның үстіне егін жинау науқанында өнімге дұрыс назар аудармаушылықтар байқалады, нәтижесінде егін жинағаннан кейінгі өнім сапасы төмендейді. Соңғысы жиі түрде мұндай өнім тобын белгілі мақсатқа пайдалану мүмкіндігін шектейді де нақты сату құнының төмендеуіне әкеліп соғады. Ауыл шаруашылығы шикізаты мен тағамдық өнімдерді өндірушілерге бұл өнімдердің адамның қоректенуіндегі маңыздылығын сипаттайтын негізгі түсініктерді білгендері абзал.
Мәселен, өнімнің тағамдық құндылығын адамға қажетті қоректік заттардың (белоктар, көмірсулары, майлар, дәрумендер, минералды заттар және т.б.) өнімдегі негізгі заттардың мөлшері сипаттайды, соларға қоса олар тағамдық өнімнің дәмдік артықшылықтары мен оның энергетикалық құндылығын анықтайды. Адам ағзасын өнім тағамдық заттарға қажетсінуін неғұрлым жоғары деңгейде қанағаттандырса, соған қоса оның химиялық құрамы теңдестірілген қоректену формуласына сәйкес келсе, солғұрлым өнімнің азық-түліктік құндылығы жоғары. Адамның қоректенуінде белоктардың (ақуыздардың) ерекше маңыздылығына байланысты белгілі бір өнімді оның биологиялық құндылығын құрамындағы белок мөлшерімен және олардың амин қышқылдық құрамы мен ондағы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдарының мөлшерімен сипаттайды.
Адам ағзасын энергиямен (қуатпен) қамтамасыз ету қажеттілігі тағамды энергетикалық құндылығымен бағалауды талап етеді, ал ол ағзада тағамдық заттардың тотығуынан босайды (пайда болады). Түптеп келгенде, бір есте ұстайтын жәйт, әртүрлі себептерден өсімдік шаруашылығы өнімдері (оларды өсіргенде, сақтағанда) ағзаға зиянды қасиеттерге – улы түрге айналуы мүмкін.
Осыдан өнімдердің тағамдық қауіпсіздігі түсінігі қалыптасты және оны айқындау қажеттілігі туындады. Өнімнің тағамдық құндылығы жөніндегі толық мағлұматты азық- түлікке оның қай бөлігі кіріккенін білген жағдайда алуға болады.
...