Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ет консервілері және құрамы

Автор:   •  Март 6, 2019  •  Реферат  •  4,207 Слов (17 Страниц)  •  3,173 Просмотры

Страница 1 из 17

Жоспары

Кіріспе

1. Ет консервілері және құрамы

2. Ет консервілерінің ассортименті

3. Консервілеу әдістері

4. Ет консервілерінің технологиясы

5. Ет консервілерінің сапа көрсеткіштері

6. Консервілерді буып-түю және сақтау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарық қатынастарының даму жағдайларында біз сапа, сенімділік, бәсекеге төзімділік және өнім қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі кездесіп, өнім сертификаты жөнінде айтамыз, тұтынушының құқығын қорғау заңының қадағалануын талап етеміз. Осының барлығы қызмет көрсету сапасына деген, сондай-ақ тұтынушы ретіндегі ғана емес, өндіруші ретіндегі біздің қатынасымыздың өзгергендігін куәландырады. Мұның өз түсінігі бар: нарық жағдайларында егер кәсіпорын өз өнімінің бәсекеге төзімділігін қамтамасыз ете алмаса, оны ешқандай да инвестициялар сақтап қала алмайды; негізгі бәсекеге қабілетті болып сала табылады.

Елдің халық шаруашылығы алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі-азық-түлік өнімдерінің сапасын, биологиялық құндылықтары мен ассортименттерін жаңарту болып табылады.

Қазіргі кезде өндіріске гигиеналық қауіпсіз, жоғары антисептикалық қасиетке ие ыдыстырдың жаңа түрлерін енгізу жəне дайындау белсенді түрде жүргізілуде. Олардың бір мысалы ретінде консерві өндірісінде жоғарғы жағы арнайы полимер материалмен қапталған металл банкаларын (ақ, қара, басқа қаңылтырдан) атауға болады.

Консерві өндірісінде біздің елімізде тұтынушылардың сұранысы екі негізгі мəселені қойып отыр:

- арзан шикізат қолданып, өндіріс кезінде шығындырды азайтып өнімнің өзіндік құнын төмендету;

- өнімнің сапасын жəне тағамдық құндылығын жоғарылату.

Ет консервілері және құрамы

Ет жəне ет өнімдерін жоғары температурада пастерлеп немесе стерильдеп герметикалық жабылған банкаларға салып ет консервілерін дайындайды. Мұндай өнімдер таза еттен немесе етке басқа құрамдастар қосылып дайындалады. Басқа консерві өнімдермен салыстырғанда ет консервілерінің калориясы жоғары, себебі оларды дайындағанда жеуге жарамайтын бөліктерін (сүйек, шеміршек, сіңір) алып тастайды. Сонда да ол дəмдік қасиеттері жəне дəрумендер мөлшері бойынша еттен төмен. Ет консервілерін жасап шығару үшін еттің барлық түрі, майлар, сорпа өнімдері, дайын етті түрлі заттар, қанды, бірнеше түрлі өсімдіктер текті өнімдерді, хош иісті заттарды пайдалана отырып жасайды.

Консерві түрлері Май, г, көп емес Белок, г, көп емес Энергетикалық құндылығы, ккал, көп емес

Сиыр етінен дайындалған 17,0 15,0 213

Шошқа етінен дайындалған 33,0 13,0 349

Қой етінен дайындалған 17,0 15,0 213

Жылқы етінен дайындалған 17,0 15,0 213

Бұғы етінен дайындалған 16,0 15,0 204

Ет консервілерінің ассортименті

Бүгінгі күнде ет консервілерінің ассортименті 400-ге жуық түрі белгілі. Барлық ет консервілері бірнеше топқа бөлінеді.

Шикізат түрі бойынша:

- етті (сиыр,шошқа,қой,жылқы,құс еті жəне т.б);

- субөнімді (тіл,бүйрек,бауыр, қарынды жəне субөнімдер қоспасы). Паштеттерді сиыр, қой, шошқа етінің бауыр, ми, ірі қара малдың тұқымы мен жұмыртқасына май, сары май, сүт, ет сорпасын, қуырылған пияз жəне дəмдеуіштер қосып дайындайды. Паштеттерді əртүрлі рецептурамен шығарады: Арктика, Диетикалық, Ми қосылған диетикалық, Бауыр паштеті, Мəскеулік, Əуесқой, етті жəне т.б. Бауыр паштетін бауыр жəне мидан дайындайды. Қолданылатын май түріне байланысты бауыр паштетіне сиыр майы, шошқа немесе сүйек майы қолданылады. Арктика паштеті шошқа еті мен бауырына сары май

...

Скачать:   txt (62.6 Kb)   pdf (175.1 Kb)   docx (27 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club