Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларда елжандылықты қалыптастырудағы өлкетанушылық білімнің рөлі (Торғай өңірінің мысалы)

Автор:   •  Октябрь 2, 2023  •  Курсовая работа  •  8,706 Слов (35 Страниц)  •  170 Просмотры

Страница 1 из 35

Қазақстан Республикасы ЖОО-ының жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономика ғылымдарынан студенттердің ғылыми зеттеу жұмыстарының жылсайынғы республикалық конкурсы

Конкурстық ғылыми жұмыс

Тақырыбы: «Орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларда елжандылықты қалыптастырудағы өлкетанушылық білімнің рөлі  (Торғай өңірінің мысалы)»

Арқалық, 2015 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І.Орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларда елжандылықты қалыптастырудағыөлкетанушылық білімнің рөлі................................................7

1.1Елжандылыққа тәрбиелеудің міндеті және оның әдіснамалық негіздері.....7

1.2Оқушыларға елжандылық тәрбие берудегі өлкетанулық білімнің маңызы мен рөлі..................................................................................................................11

ІІ.Торғай өңірінен шыққан батырлардың бейнесі арқылы  Қазақстан  тарихын оқытуда оқушыларды елжандылыққа  тәрбиелеу............................................14

2.1 Жәуке Назарғұлұлы.........................................................................................14

2.2 Иман Дулатұлы................................................................................................22

2.3Қошқар Дауұлы...............................................................................................27

2.4Тайшығара Байғұлұлы....................................................................................31

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды "Отаным"- деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы - бұның басты шарттарының бірі. Жастарды елжандылыққа тәрбиелеудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: "...біздің балаларымыз бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.

        Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм. азаматтык, ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген. Қазіргідей рухани-идеологиялық қайшылықтар тұсында патриотизмнің сипатын ашып айқындаудың, мектеп оқушыларында отаншылдық сана, сезім, отаншылдық іс- әрекет қалыптастырудағы маңызы зор.

        Осы негізде орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларда елжандылықты қалыптастырудың   өлке тарихын оқушылардың бойына сініре отырып, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің отаршылдыққа қарсы Қазақ елінде ашық түрдегі ең ірі ұлт-азаттық қозғалыс болғанын көрсету және ол көтерілісте туған елінің азаттығы үшін күрескен Торғай батырларының ерлігін болашақ ұрпаққа таныстыра отырып, туған жерінің тарихын білуге тәрбиелеу. Көтеріліп отырған мәселенің үнемі жаңа деректермен, құжаттармен толығып отыратындығымен, жаңа тарихи көзқарастардың болуымен өзекті. Бұл мәселе ғылыми-тарихи көзқарастар тұрғысында әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

Зерттелу деңгейі. Қазақ халқының тарихы  сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар болып есептеледі. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді» –деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді.

...

Скачать:   txt (118.8 Kb)   pdf (284.2 Kb)   docx (234.4 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club