Оқу процесін тиімді ұйымдастыру арқылы нәтижеге бағытталған білім беру
Автор: GB22020 • Март 26, 2021 • Эссе • 480 Слов (2 Страниц) • 574 Просмотры
Базаева Гульмира Бакытхановна,[pic 1]
директор
КММ «Ақсу орта мектебі»
Ақсу ауылы
Катонқарағай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
bazaeva-gulmira@mail.ru
«Оқу процесін тиімді ұйымдастыру арқылы нәтижеге бағытталған білім беру»
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Бізге экономикалық қоғамдық жаңару талаптарына сәйкес жаңа білім жүйесі қажет» деген болатын. Осы орайда еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін білім саласындағы өзгерістер: оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, жан – жақты дамыған барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің маңызын, мазмұны мен технологиясын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Бүгінгі таңда еліміз нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті. Нәтиже дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім дегеніміз - баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс-әрекеттер жиынтығы. Бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті мақсаты – рухани бай, жан – жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр педагогтің сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «Менін» ашу, сол «Менді» шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту оқушыға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық негізіне қарай білім берілуі тиіс. Жаңа парадигмаға сай оқу процесінің орталығында оқушының қажеттіліктері, қабілеті, мүмкіншіліктері тұрады. Оқушы мұғаліммен қатар оқу әрекетінің субъектісі ретінде танылады, ал мұғалім – ұйымдастырушы, кеңесші, әріптес болып табылады, яғни оқушы іс-әрекетінің педагогикалық көмекшісі болып табылады.
...