Ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер
Автор: Zhansaua • Февраль 17, 2022 • Реферат • 297 Слов (2 Страниц) • 517 Просмотры
Ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер: 1) адамдардың бетпе-бет кездесуі үстінде жүзеге асады; 2) адамдардың жұмыс жөнінде пікірлесуіне, ой бөлісу әрекетіне тікелей қызмет етеді. Ауызекі сөйлеу стиліне ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғалар бар. Олар: 1) жергілікті сөздер (кәсiпке байланысты сөздер, диалект сөздер), 2) қарапайым сөздер (оның ішінде, ренішке, ұрысуға байланысты сөздер де бар). Сондай-ақ ауызекі сөйлеуде: 1) сұраулы сөйлемдер көп қолданылады, 2) толымсыз сөйлемдер жиі қатысады, 3) қысқарып құрылған сөздер көп кездеседі: алып- ап, келіп- кеп, келгенмін-келгем, барғанмын-барғам.
Публицистикалық стиль жұртка үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Осы міндетіне сай публицистикалық стильдің мынадай сипаттары қалыптасқан: 1) публицистикалык сөз өте жинақы, тұжырымды болып кұралады; 2) сөз экспрессивті, екпінді болады; 3) сөз тыңдаушыларын коммуникативтік байланысқа тартатындай болып құралады. Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады: a) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер; ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер: 6) тыңдаушылардың көңілін аударатын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай: 1) образды сөздер мол қолданылады; 2) экспрессивті сөздер мол болады; 3) мәтінге ритм, интонация әсерлілік кұру үшін көп жумсалады; 4) шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер, грамматикалық амалдар, әдеби-көркемдегіш құралдар көп пайдаланылады.
Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндеті бар: 1) ойды дәл, нақты әрі түсінікті етiп жеткізуді көздейді, 2) ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады, 3) осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді. Fылыми стильдің функциялық бағыты оған арнаулы тілдік көрініс береді. Ғылыми стильде: 1) ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады; 2) процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады.
...