Ақыл-ойы бұзылған кіші мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу тілін зерттеу
Автор: botadanabekova • Май 14, 2018 • Курсовая работа • 6,213 Слов (25 Страниц) • 1,646 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Педагогика Факултеті
«Арнайы педагогика» кафедрасы
АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Орындаған:Қалыбай С.Ғ Деф -13-5
Курстықжетекшісі:Архабаева Б.Д
Тараз 2014ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе......................................................................................................................3
- Ақыл-ойы бұзылған балалардың сөйлеу тілін зерттеудің қазіргі мәселелері.
- Сөйлеуді зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері.........................................5
1.2Ақыл-ойы бұзылған балалардың лексикалық қорының ерекшеліктері......8
- Интеллектісі бұзылған кіші мектеп жасындағы оқушылардың сөздік қорының қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс.
2.1Ақыл-ойы бұзылған кіші мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу тілін зерттеу.....................................................................................................................10
2.2Сөздік қорды толықтыратын түзету-дамыту жұмысын ұйымдастыру......16
2.3Бақылау экспериментіне талдау жасау .........................................................21 Қорытынды............................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................27
КІРІСПЕ
Ақыл-есі кем балалардың танымдық іс-әрекетінің бұзылуын көптеген ғалымдардың анықтағанындай, лексиканың қалыптасуына, белсенді және енжар сөздік қорының толығуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Ақыл-есі кем балалардың негізгі лексикалық ерекшеліктері болып сөздік қорының аздығы, сөзді дұрыс қолданбау, енжар сөздік қорының белсенді сөздік қорына қарағанда басымдығы болып табылады.
Сонымен сөйлемнің лексикалық жағын зерттей келе, В.Г. Петрова (1977) сөздік қорының аздығын, ақыл-ойдың дамымауымен абстрактылы мағынаны білдіретін сөзді көп қолданумен байланыстырады. Мысалы, үстеу етістікті аз қолдану жалғауларды қолданудағы қиындықтар. Осы аталған қиындықтар ақыл-есі кем балалардың өзіне бағытталған сөзді түсінуін өз пікірін айтуды қиындатады.
Ақыл-есі кем балалардың сөздік қорын зерттеуге арналған жұмыстардың барлығын үш категорияға бөлуге болады: сандық, сапалық аспект немесе лексиканың семантикалық және грамматикалық жағынан ұйымдастыру.
Лексиканың сандық ерекшеліктері мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар.
Сонымен ақыл-есі кем балалардың интеллектуалды дамудағы кемістіктері сөйлеу тілінің даму процесін тежеп қана қоймай, оның сапалық жағына да кері әсерін тигізеді. Осы категориядағы балаларға сөйлеу тілінің кеш пайда болуы, сөйлеу әрекетінің барлық өзіндік даму ерекшеліктері мен бұзылуы тән (М.Ф.Гнездилов 1959; М.С.Певзнер 1959; В.Г.Петрова 1977). Сонымен қатар ақыл-есі кем балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары тұрақтылық пен сипаттамаларды, түзетуге қиын беріледі, тіпті көмекші мектептің жоғарғы сыныптарына дейін сақталады (М.Зееман 1962, В.Г.Петрова 1977).
Көмекші мектептегі логопедилық жұмыс ақыл-ойы бұзылған балалардың даму бұзылыстарын түзету процесінде маңызды орынға ие. Ақыл-есі кем балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары кең таралған және тұрақты сипатқа ие. Осындай сөйлеу тілі бұзылыстары ақыл-ойы бұзылған балалардың психологиялық дамуына, білім алуға кері әсерін тигізеді .
Лексиканың дамуы интеллектісі бұзылған оқушылардың танымдық және қарым-қатынас әрекетін жетілдіруге мүмкіндігін береді, ақыл-ойы бұзылған балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын дер кезінде түзету ойлау әрекетінің дамуына, оқу бағдарламасын меңгеруге, әлеуметтік бейімделуге оң ықпалын тигізеді. Осы мәселелердің өзектілігі теориялық мәліметтің және тәжірибенің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды
...