Есімдіктерді оқытудағы тілдік және танымдық ерекшеліктер
Автор: AKS1994 • Май 30, 2018 • Курсовая работа • 6,136 Слов (25 Страниц) • 2,200 Просмотры
Жоспар:
Кіріспе.................................................................................................................... 3
І тарау. Есімдік туралы түсінік............................................................................ 5
1.1. Есімдіктердің лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік қызметтері................................................................................................................5
1.2. Есімдіктердің мағыналық түрлері ................................................................10
ІІ тарау. Есімдіктерді оқытудағы тілдік және танымдық ерекшеліктер.........16
2.1. Есімдікті оқытуда қолданылатын мәтіндердің танымдың мәні.................16
2.2. Есімдікті оқытудағы тиімді әдіс- тәсілдер.. ................................................24
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................30
КІРІСПЕ
Тіл құрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсі боларлықтай фактілерде кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштерімен салыстыру арқылы да ашылады. Қазақ тілінің осы күнгі есімдіктің осы күнге жету жолын да аталған әдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.
Жұмыстың өзектілігі: Соңғы жылдары тіл білімі субъект факторына ерекше мән беріп, коммуникативті актідегі сөйлеушінің тілдік бірліктерді ұтымды қолдану мен оны оқытудағы мәселелер жиі сөз бола бастады. Курстық жұмыста есімдіктерді оқытудағы тілдік және танымдық ерекшеліктер қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты: Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұсынған «Туған жер» бағдарламасы аясында оқушыларды өлке тарихына терең бойлатып, отансүйгіштікке тәрбиелеу; табиғат, туған жер тақырыбындағы мәтіндерді мысалға ала отырып, оқушыларды табиғатты қорғауға шақыру. Көне түркі тілінің есімдік жүйесін анықтау арқылы қазіргі түркі тілдеріндегі есімдіктердің негізгі заңдылықтарын ашу
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Ескерткіштердегі есімдіктің жасалуына сипаттама беру
- Көне түркі тіліндегі есімдіктердің түрлері
- Туған жер, табиғат тақырыптарындағы мәтіндермен жұмыс жасата отырып есімдікті меңгерту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдері: Жұмыстың мақсатына сәйкес тарихи- салыстырмалы әдіс қолданылады, есімдіктерді оқытуға байланысты оқытудың бірнеше тиімді әдістері ұсынылады.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер біз қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқытуда «табиғат», «туған жер» тақырыбындағымәтіндермен жұмыс асар болсақ: оқушыларды осы тақырыпқа арқау болған аңыз-әңгімелер арқылы өз тарихымыздың тереңіне үңілтіп, мектеп оқушыларын жасөспірім шақтан қоғамның бір бөлігі екенін сездіріп, ғаламдың мәселелерге назар аудартып, суды үнемдеуге, ортақ үйіміз жерді қорғауға, айналада болып жатырған мәселеге бейжай қарамауға шақырар едік.
Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі есімдіктердің тарихына тоқталынады. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі есімдіктің саласы бойынша бүгінгі күнге дейін сақталып келген құнды деректерді қазіргі түркі тілдері деректері бойынша тарихи-салыстырмалы талдау негізінде есім сөздерге зерттеу жүргізу бітіру тақырыбының жаңалығы болып табылады.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақ тілі пәнінен есімдіктерді меңгертуде, география, тарих пәндерін, өлкетану курсын оқытуда пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Есімдік туралы түсінік
- Есімдіктердің лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік қызметтері
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
...