Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дулат Исабеков прозасындағы ерекшеліктер

Автор:   •  Февраль 3, 2018  •  Реферат  •  1,236 Слов (5 Страниц)  •  1,636 Просмотры

Страница 1 из 5

Дулат Исабеков прозасындағы ерекшеліктер

У.Адилова, 2-курс студенті, ПМПИ

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Ә.Д.Әміренов

Проза – көркем сөзбен жазылған суреткерлік шығарма. Прозаның роман, әңгіме, повесть секілді кең арналары бар. Қазақ әдебитінде прозаның алатын орны ерекше. Оған ежелден келе жатқан ертегі, қисса әңгімелер дәлел бола алады.

Қазақ прозасының биік мәртебеге ие болуы XX ғасырмен тікелей байланысты. Өйткені сол кездегі қазақ жеріндегі тарихи-әлеуметтік өзгерістер Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әузезов, Ғабит Мүсірепов секілді талантты жастардың өсуіне жағдай жасаған болатын. Қазақ романдары шетел тілдеріне аударылып әлем әдебиетінде өзіндік орнын қалыптастырды.

Аға буын өкілдерін бетке ұстап XX ғасырдың 60- жылдарында әдебиет майданына жаңаша ізденіс, соны ізбен келген жазушыларымыздың бірі –Дулат Исабеков. Ол өз шығармаларында ұмытылып бара жатқан тұлғаның рухани әлеміне басты назар аударды. Себебі ол кезде қазақ әдебиетінде адамды тану идеясы басты назарға алынғанымен саяси проблемалардың әсерінен қазақ прозасында тұлғаның ішкі жан-дүниесіндегі төңкерістердің қалыптасуы шеткері қалып қойып, ол тек қана тарихи мерзімдегі адам сипатына ауысып кетіп отырды. Дулат шығармаларының ерекшеліктері жөнінде біраз зерттеушілер өз бағаларын берген болатын. Мәселен, Ш.Елеукенов «Д.Исабековте жақсылық азап шегеді»[1,48] деп таныса, Р.Нұрғалиев «жаншылған тағдыр» [2,154], Б.Ыбырайымов «бейшара жан»[3,94] деп, кеңестік пайыммен сынайды.

М.Горкий :«Суреткер –өз отанының, өз табының сезімі, құлағы, көзі және оның жүрегі. Ол өз дәуірінің үні» деп  суреткерлік талантқа жоғары баға берген болса, Əмірхан Меңдеке жазушы туралы: «Дулат Исабеков əңгімелерінің аса бір өтімді һəм ұтымдылығы, жазушы əңгімелерінің барлығы дерлік бүгінгі күнімізді парықтау мен айшықтауға арналған» [4,14 б] дейді. Расында да бұл қасиеттер Исабеков шығармаларындағы басты проблематика болып саналады.

Дулат шығармалары «Қоғам.Адам.Өмір» концепциясынан бөлшектенген емес, қайта бірін –бірі жаңғыртып, қабыса байланысқан. Ол өзінің алғашқы әңгімелерінен бастап-ақ қоғамдық келбет, адам психологиясын терең толғаныстары арқылы беруімен оқырманның жан-дүниесін елең еткізеді.

Қарапайым ауылда өскен жазушы өзі көрген ауыл тынысын дерлік барлық әңгімелеріне арқау етеді. Сол арқылы ұлттық болмысты қарапайым оқиғалармен кең арнаға түсіріп отырады. Бұл жөнінде Зерттеуші А.Таңжарықова «Жалпы Д.Исабеков өз əңгімелерінде қазақы ауылдың тұрмыс-тіршілігін бейнелей отырып, үлкен проблемаларға бой ұрады.Оның шығармаларының ерекшелігі де сонда –көңілге сондай жылы тиетін, таза бұлақ суындай мөлдірлік астарынан ұлттық мінезді, психологияны байқай аласыз» [5,21 б] деген пікір білдіреді.

Дулат Исабеков қаламгерлігінің өзіне ғана тән белгісі – юмормен бедерленген трагедиялық қалып. Оның шығармаларындағы жылт еткен күлкі мен шерлі оқиғалар оқырман жанына қасіреттей болып тиеді. Мәселен, «Гауһартас» повесіндегі қазақы тәрбиеде өскен Салтанат бейнесі сұлулықтың, қуаныштың символы бола тұра, өзі келін болып түскен үйдегі жұтаң тартқан қу тіршіліктің ауыртпалығын сілкіп тастап жарық сәуле таратқан кейіпкер трагедиялық өлімімен жаныңды мұңға бөлейді. Сол секілді «Бекет» повесіндегі Бекет, «Өкпек жолаушыдағы» Зейнеп образдары көп қиындық көрсе де мойымаған тазалық пен адалдықтың жалауы іспеттес. Зейнеп азапты өмірге ерте түскен кейіпкер. Ауру шешесін күтіп, біреудің тағдырын аялаумен жастық шағын да ұмытқан. Автор сондай адалдықты, мейірбандылықтың сәулесін ауру шешесінің сөзі арқылы былайша жеткізеді: «..Ақ сүтімді ақтадың жаным. Қайтесің, маңдайыңа жазылғаны сол шығар, қайырымдылық деген де екінің бірінде емес, бір атадан таңдап жүріп біреуіне қонады дейді ғой. Сол қайырымдылық қонған адам туған-туысқандары үшін өмір бақи от пен суға түсіп өтетін көрінеді. Құдай о баста оны солай жаратады дейді. Сен де сол, қайырымдылық қонған қыздың бірі шығарсың. Қапаланба. Жақсылық ешқашан жақсылық боп қайта бермейді, ақырын алладан ғана күтесің...»[6,482б].

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (144.9 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club