Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы сөйлеу бұзылысы бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда компьютерлік технология қолдануғаарналған эксперименталдық жұ

Автор:   •  Октябрь 17, 2019  •  Дипломная работа  •  15,522 Слов (63 Страниц)  •  1,042 Просмотры

Страница 1 из 63

Мазмұны

Кіріспе

3

1

Жалпы сөйлеу бұзылысы бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда компьютерлік технология қолданудың ғылыми-теориялық негіздері

5

1.1

Жалпы сөйлеу бұзылысы бар  балаларға клиникалық және психологиялық-педагогикалық сипаттама

5

1.2

Жалпы сөйлеу бұзылысы бар  балалардыңбайланыстырып сөйлеу тілінің мағынасы

13

1.3

Жалпы сөйлеу бұзылысы бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда компьютерлік технология қолдану ерекшеліктері.

26

2

Жалпы сөйлеу бұзылысы бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда компьютерлік технология қолдануғаарналған эксперименталдық жұмыс

32

2.1

Зерттеу базасын таңдау және зерттеу әдістемесін іріктеу

32

2.2

2.3

Қолдану әдістемесі

Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау

40

46

Қорытынды

56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

60

Кіріспе

Жалпы сөйлеу бұзылысы бар  балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері Қ.Қ.Өмірбекова, Қ. Серкебаев, Р.Е. Левина, Н.А. Никашина, Н.А. Чевелева, Л.Ф. Спирова, Т.Б. Филичева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талдау негізінде, дыбыстарды бұзып айту, фонетикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен сөйлем құрау, сөзжасамының дамыған жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік ретінде атаған.

Байланыстырып сөйлеу тілітуралы В.П.Глухов, Р.Е.Левина, Л.Ф.Спированың айтуы бойынша – сөйлеудің дамуына негіз болып табылады. Оның жақсы дамуына  көптеген шарттар қажет (сөйлеу ортасы, әлеуметтік орта, отбасылық жағдай, жеке тұлғалық қасиет, баланың танымдық қызығушылығы және т.б.), бұл шарттарды әрдайым ескеру қажет.

Мектепке даярлық балалардыңбайланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейі орташа дәрежеде болады.

Әсіресе, бұл мәселе жалпы сөйлеу бұзылысы бар  балаларға қатысты өте өзекті болып отыр, себебі мұндай балаларда байланыстырып сөйлеу тілі жай қалыптасады. Сондай-ақ, өзіндік ерекшеліктерге толы. Жалпы сөйлеу бұзылысы бар  балаларғабайланыстып сөйлеу тілін меңгеруге көп уақыт кетеді. Үлкендер жағынан әрдайым қолдау болуы қажет. Ол сұрақ-жауап түріндегі жеңіл формада да болуы мүмкін. Нақты көрнекіліктерді қолдана отырып, нақты ситуация келтіре отырып дамытуға болады.

Қазіргі кезеңде мемлекет осындай балаларға көңіл аударып, 2002 жылдың 11 шілдойынде «Мүмкіншілігі шектеулі балаларға медициналық, педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсету ҚР Заңы» қабылдап, заңды мәртебойыне 2003 жылдың 1 қаңтарынан енгізді. Нақты Заң  мүмкіншілігі шектеулі балаларға медициналық, педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсету формалары мен әдістерін анықтайды, сонымен қатар дамуында тежеулері бар балаларға жүйелі түрде тиімді көмек көрсету, туындаған тәрбие, оқу үрдісіндегі, кәсіби еңбекке дайындау мәселелерін шешу, бала мүгедектігінің алдын алуды бағыттайды.

Зерттеулер нәтижелері көрнекілік, әңгімелесу, сарамандық әдістерге негізделе отырып, түзету жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал егер қоғамның қазіргі даму кезеңі - «ақпараттық мәдениеттің» қалыптасу кезеңі екені ескеретін болсақ, онда байланыстырып сөйлеу тілінің бұзылысын ақпараттық компьютерлік технологиялар көмегімен ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Алайда, бұл мәселе қазіргі таңда өз шешімін толықтай таба алған жоқ.

Осыған орай, біз зерттеу жұмсымыздың өзектілігін нақтылай келе, келесідей тақырыпты таңдадық «Жалпы сөйлеу бұзылысы бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда компьютерлік технология қолдану мүмкіндіктері» деп алдық.

...

Скачать:   txt (235.2 Kb)   pdf (763.5 Kb)   docx (919 Kb)  
Продолжить читать еще 62 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club