Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеңіл жағдайларда қарсылық жаттығулары

Автор:   •  Декабрь 10, 2021  •  Реферат  •  2,679 Слов (11 Страниц)  •  278 Просмотры

Страница 1 из 11

«Астана медициналық университеті» КЕАҚ

Оңалту бөлімі, спорттық медицина және

Дене шынықтыру

              Реферат

Тақырыбы

1. Жеңіл жағдайларда қарсылық жаттығулары. 

2. Күш жаттығуларының жиынтығын жасаңыз.

                                                                               

                                                                                 Орындады: Серікхан Жанасыл

     Факультет: Жалпы медицина

                                                 Топ: 109

                                                                         Қабылданды: Нургазы Токташевич

                                                               Күні: 04.11.2021

                                                        Нұр-Сұлтан

2021

І.Жеңіл атлетиканын негіздері

 І.Жеңіл атлетика туралы тусінік

 Жеңіл атлетика - бұл адамға жаратылыс жаттығуларды бірлестірген спорттың түрі, жеңіл атлетикаға спорттық жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жатады. Сонымен бірге жеңіл атлетика - ғылыми - педагогикалық пән және ілім. Жеңіл атлетика ілімінде оның техникасы, тактикасы, оқьтуы және жаттығулары зерттеледі. Барлық педагогикалық пән сияқты жеңіл атлетика да - физиологияға, психологияға, педагогикаға, анатомияға және медицинаға сүйенеді. Университетте дене шынықтыру бөлімінде жеңіл атлетика курсы бойынша, оның әдістерін зерттеу, негізгі түрлерінің техникасын меңгеру, мектепте өз бетімен педагогикалық жүмыс істеу үшін дағды және шеберлікті қалыптастыру туралы лекциялар оқылады.

Жеңіл атлетика жаттығуларыныц жіктелуі, жалпы синагаммасы

 Жеңіл атлетиканың ішінде жаттығулардың бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және көп сатылы жарыс. Олардың әрқайсысы ерекшеліктері, түрлері және варианттары бар. Жеңіл атлетиканың жарыс ережесіне сәйкес ерлерге, әйелдерге және жас спортшыларға арналған арақашықтары және жарыс өткізетін шарттары бар. Негізгі жеңіл атлетиканың жаттығулары Олимпиада бағдарламасына, Әлем, Еуропа және Азия біршіліктеріне, Ұлттық жарыстардың бағдарламаларына енеді. Жеңіл атлетика түрлерінен біздің мемлекетте спорттық разрядтар мен атақтар беріледі.

Жүру - адамның кәдімгі қозғалу әдісі. Спорттық жүрудің кәдімгі жүруден айырмашылығы өте жылдам жүруде, өзгеше техника мен үнемділік қимылда. Спорттық жүрумен жүйелі түрде айналысатын спортшыда, жүрек тамырлары, демалу және организмнің басқа жүйелерін белсендіреді, шыдамдықты шынықтырады: қайсарлықты, қайраттылықты, табандылықты, қиындықты бастан кешіруді, үйретіп, тәрбиелейді. Спорттық жүру жарыстары стадионның жолдарында 3.5.10.15.20.30.50 және кәдімгі тас жолдарда шақырым қашықтықта өтеді. Бұдан басқа спорттық жүруден жарыс уақытқа белгіленіп өткізіледі ,бір және екі сағат стадионда жүру т.с.с. Спорттың жүру жарысына қатысатын спортшылар белгілі ережелерді қолдануы міндетті. Олардың ішінде ең негізгісі спортшының жолмен түрақты түйісуінде /бір не болмаса екі табанмен суйену/ болу тиіс.

Жүгіру - жеңіл атлетиканың негізгі, ең басты және негізгі түрі. Бұдан басқа, жүгіру жеңіл атлетиканың ішіндегі үзындыққа, биікке секіруде, найза, граната және доп лақтыруда қолданылады. Жүгіру деп өзгешелігіне байланысты ол адамның организміне әр түрлі эсер етеді. Бақтың ішінде, не болмаса орманда жай, ұзақ жүгірудің мәні бар, денсаулықты жақсартады. Спринтерлік жүгіру жылдамдық, күш-қуат қасиеттерді дамытады. Орта жөне ұзын қашықтықтарға жүгіру-ептілікті және көтерілісті қозғалыс үйлестілікті дамытады. Жүгірудің өзі бірнеше топқа бөлінеді: тегіс,стадион жолдарында жүгіру, кедергіден өтіп жүгіру, эстафеталық жугіру, табиғи жағдайда жүгіру, кросс. Өз кезегінде тегіс жүгірудің өзі тағы түрлі топтамаларға бөлінеді:

...

Скачать:   txt (33.6 Kb)   pdf (169.1 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club