Дене жаттығулары және оның әдістемесі
Автор: Erbatir • Март 19, 2018 • Курсовая работа • 8,384 Слов (34 Страниц) • 2,163 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе кооперативтік колледжі
Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Дене жаттығулары және оның әдістемесі
Орындаған: Арманова Армангүл
Тобы:
Жетекшісі: Асқарова Асқаргүл
математика пәні оқытушысы
Ақтөбе 2018 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................ 3-5
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ........................................................................................... 6
1.1. Дене жаттығулары және олардың түрлері............................................ 6-10
1.2. Мектепке дейінгі жастағы балаларды дене жаттығуларына үйретудің әдістері мен тәсілдері.............................................................................. 22
2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ДЕНЕ
ЖАТТЫҒУЛАРЫНА БАУЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ....................................... 19
2.1. Салауатты өмір салтындағы дене жаттығуларының алатын орны... 19-20
2.2. «Денсаулық» білім беру саласындағы баланы шынықтыру-сауықтыру шаралары.................................................................................................. 20-25
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.............................................................................. 26
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................... 31
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай-ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл-дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруда дене жаттығуларын дамытуға баса назар аударылуы керек.
Дене жаттығулар балалардың адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Дене жаттығуы - дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Ол еркінді сипаттағы белсенді қимыл-әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады.
...