Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектептерде жеңіл атлетика сабағын оқыту әдістерін жетілдіру

Автор:   •  Июнь 8, 2018  •  Дипломная работа  •  14,809 Слов (60 Страниц)  •  1,992 Просмотры

Страница 1 из 60

Базарбаев Наурызбек Султангалиулы

Мектептерде жеңіл атлетика сабағын оқыту әдістерін жетілдіру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800 -  « Дене шынықтыру және спорт » мамандығы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3

1 Жеңіл атлеттің техникалық дайындығын жетілдірудің теориялық негіздері....................................................................................................................6

1.1 Жеңіл атлетика спортының техникалық дайындығының теориялық негізгі алғышарттары..........................................................................................................6

1.2 Жүгіру техникасының мазмұны мен сипаттамасы .....................................13

1.3 Бастапқы дайындық кезеңінің сипаты мен ерекшеліктері..........................20

2 ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ, ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................35

2.1 Ғылыми зерттеу әдістерін ұйымдастыру .....................................................35

2.2 Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру .............................................................38

3 ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ, ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛЫП, НЕГІЗДЕНУІ.......................................................................39

3.1 Спортшының техникалық дайындығын жетілдіру әдістемесі....................39

3.2 Жүгіру техникасын үйрету әдістемесі, оны дамытудың негізгі

амалдары ..........................................................................................................45

3.3 Жас атлеттердің бастапқы дайындық кезеңінде жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру бағдарламасы, оның тәжірибелік негізденуі, нәтижесі ............47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................59

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі: Жеңіл атлетика ең көп адам қатынасатын кең ауқымды спорт түрлерінің бірі болып табылады. Олимпиада ойындарында бұл спорт түрінен ерлер үшін 24, әйелдер үшін 23 жаттығу түрі көрініс тапқан. Яғни, жүру, жүгіру, секіру, лақтыру түрлері және осы жаттығулардан құрастырылған кешенді түрі – жеңіл атлетикалық көпсайыс [1, б. 12]. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мұндай әртүрлілігі іріктеу, спорттық бағдарлау барысында, тіпті қозғалыс техникасы жағынан жақын әр түрлі қашықтыққа жүгіруден бастапқы оқу-жаттықтыруды ұйымдастыруда қиындықтар тудырады. Бастапқы дайындық кезеңінде оқу-жаттықтыру үрдісінің ерекшеліктерінің бірі – жас жеңіл атлеттердің қимыл белсенділіктерін дамытып, жаттығуды орындаудың дұрыс техникасын қалыптастырумен қатар, дарынды балаларды іріктеу мен олардың таңдаған жеңіл атлетика түрінен болашақтағы спорттық мамандануларына болжам жасау. Осы мәселеге байланысты орыс тілінде әдебиет көздері көп болғанымен, жас жеңіл атлеттердің бастапқы дайындық кезеңін ұйымдастыру, оларды іріктеу, спорттық бағдарлау мен болжам жасау мәселелері көкейтесті, өзекті болып қала берді [2, б. 64].

Спорттық іріктеуді жүзеге асыруда бапкердің жаттықтыру үрдісі барысындағы педагогикалық бақылаулары жетекші рөл атқарады. Бұл ретте жас спортшылардың бастапқы дайындығын сапалы етіп ұйымдастыру, өткізу қажетті қимыл сапаларын дамытып қана қоймай, кейін жеңіл атлетиканың нақты бір түрінен арнайы мамандану үшін спорттық жетілдіру тобына іріктеп алуға мүмкіндік береді. Болашақ спортшыларды даярлау тиімділігі көбінесе бастапқы дайындық кезеңінде жаттығуларды  шебер таңдау, іріктеуге байланысты екені белгілі.  Жас спортшылардың дене тәрбиесінің амалдары мен әдістеріне келетін болсақ, мұнда әр түрлі көзқарастар қалыптасқан: бір мамандар кіші жастағы балалармен жұмыс кезінде әр түрлі қозғалмалы және спорттық ойындарға көп көңіл бөлу керек десе [3, б. 244], енді біреулері жалпы дене қуаты дайындығының амалдары ретінде әр түрлі спорт түрлерін қолданып, жас спортшылардың кешенді дайындықтарына мән берген жөн дейді [4, б. 15]. Үшіншілері, жас жеңіл атлеттердің жаттықтыруларына ойындармен бірге көп мөлшерде жалпы дамыту жаттығуларын, төртіншілері көп мөлшерде таңдалған спорт түрінің техникасының жаттығулары мен элементтерін қолдануды ұсынады [5].

...

Скачать:   txt (218.1 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (517 Kb)  
Продолжить читать еще 59 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club